Республика көлемінде өткен «Үздік әдіскер — батальон командирі», «Үздік әдіскер — штаб бастығы», «Үздік әдіскер — батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары» байқауында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтан қатысқан үміткерлер жүлдемен оралды. Іс-шараның мақсаты – офицерлердің командирлік дайындық деңгейін жоғарылату, батальон буынындағы әскери қызметшілердің кәсіби шеберліктерін шыңдаужәне озық тәжірибелерімен алмасу еді. Үш номинация бойынша өткен сайыстың үшеуінен де оңтүстік ұландары жеңімпаз болып келді. «Үздік әдіскер — батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары» номинациясы бойынша 5547 әскери бөлімінің 2 жедел мақсаттағы батальон командирінің орынбасары қызылордалық капитан Жүрсін Қабдешұлы 1- орынды жеңіп алса, оның жерлесі «Үздік әдіскер — батальон командирі» номинациясы бойынша 5547 әскери бөлімінің 1 жедел мақсаттағы батальон командирі…
Read MoreМесяц: Декабрь 2024
ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНДА ҚҰРБАН БОЛҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ
⚜️Қалалық қоғамдық даму бөлімінің «Азаматтық қоғам институттарының бастамаларын қолдау және қоғамдық-саяси маңызы бар шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдығы жылдың 16 желтоқсан күні «Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алу» шарасы өтті. ⚜️Шарада 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде құрбан болған азаматтардың рухына құран бағышталды және гүл шоқтары қойылды.
Read MoreТәуелсіздік — тұғырым!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні- тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік-тәңірдің біздің ұрапққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Тәуелсіздік-біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады. Қазақ халқының егемендікке ұмтылған қадамы сәтімен жүзеге асты. Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз-Қазақстан! Тәуелсіз-ұлттың, тілдің, дәстүрдің, салт сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. 1991 жылы-еліміздің Қазақстан деген…
Read MoreБарсакелмес қорығына 85 жыл!
Т. ӘбдікеровБарсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы 1939 жылы Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің №973 шешімі бойынша қорық статусы берілген. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының негізгі мақсаты — құлан, қарақұйрық, ақбөкендердің популяциясын қалпына келтіру мен сақтау, шөлейттенген өңірлердің биоалуантүрлілігінің қайта қалпына келуіне мониторинг жүргізу. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының 85 жылдығына орайластырылған бірнеше іс — шаралар жүргізілді. Іс — шаралардың басты мақсаты — Барсакелмес қорығының биоалуантүрлілігін оқушыларға таныстырып, дәріптеу, оларды табиғат қорғау ісіне баулу. Табиғатты қорғау — бұл әрбір адамның, әсіресе жастардың, өз жауапкершілігін сезініп, болашақ үшін қамқорлық жасауға бағытталған маңызды іс. Оқушыларды табиғатты…
Read MoreӘскери борышын өтеген сарбаздар үйіне қайтты
Өткен жылдың қысында ғана Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан әскерінің №5547 әскери бөліміне шақырылып, белгіленген мерзімде міндетін абыроймен атқарған 147 сарбазымызүйіне қайтты. Отан алдындағы әскери борышын өтеу әрбір ердің – азаматтық борышы. Ал енді сол міндетті абыроймен атқару – жігіттің жүрегін түкті, ерік-жігерін мықты етеді. Сарбаздар бір жыл бойы әскери өмірдің қыр-сырын бойларына сіңіріп, әртүрлі ауқымдағы тактикалық оқу-жаттығуларға қатысты. Жаңа машықтарды игерді. Қаруды дұрыс қолданып, нысананы дәл көздеуді үйренді. Отан алдында борышын өтеу кезінде сарбаздарымызәскери мамандықты меңгеріп, жауынгерлік даярлықта елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Олар бірнеше мәрте іс жүзінде жоғарғы жауынгерлік машықты паш ете отырып, киелі Қызылорда шахарында қоғам тыныштығын қырағылықпен күзете білді. Кеше ғана торсықтай ғана бала болып келген, бүгінде ер атанып, салмақты да…
Read MoreСӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ
Әскер – елдің басына күн туа қалған жағдайда жүгінер ең маңызды күш. Отан қорғар әскер барда,қорғанымыз мықты бола бермек. Шүкір, бүгінде мемлекетіміздің арқа сүйер айбынды әскері бар. Құқықтық тәртіп әскерінде жұмыс істеп, өмірінің 22 жылын әскери өмірге арнап, өз міндеттерін абыроймен атқарып, құрметті демалысқа шыққанымен сүйікті ісінің нағыз жанашыры ретінде танылған, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдікәрімов Ерлан Асанұлымен сұхбаттасуды жөн көрдік. — Саламатсыз ба! Ерлан Асанұлы, әңгімемізді өзіңізден бастасақ… — Иә, рақмет! Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиетті борышы. Мұны баршамыз білеміз. Біздің халқымыз жоғары патриотизм рухында тәрбиеленген. Тек патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік қана кез келген мемлекеттің гүлденуі мен өркендеуіне кепіл болатын негізгі күш. Артымыздан…
Read MoreҮЕҰ мен еріктілер — қоғамның қозғаушы күші
⚜️Қызылорда қаласы қоғамдық даму бөлімінің «Азаматтық қоғам институттарының бастамаларын қолдау және қоғамдық-саяси маңызы бар шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 03 желтоқсан күні Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында «ҮЕҰ мен еріктілер — қоғамның қозғаушы күші» тақырыбында танымдық шара өткізілді. ⚜️Шараны «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының жетекшісі Әбдіғапбар Перизат Қанжарбекқызы ашып, сөз кезегін шара спикерлеріне берді. ⚜️Шараға «Волонтёрлер фронт-офисінің» жетекшісі, қоғам белсендісі Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Жидебай Оңталап Тасболатұлы қатысып, сөз сөйледі. ⚜️Шара соңында қатысушы жастардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп,…
Read MoreЖидебай Оңталап 50 жаста
⚜️Қалалық қоғамдық даму бөлімінің «Азаматтық қоғам институттарының бастамаларын қолдау және қоғамдық-саяси маңызы бар шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 03 желтоқсан күні Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залындаҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Жидебай Оңталап Тасболатұлының мерейлі 50 жасқа толуына орай құттықтау шарасы өтті. ⚜️Қоғамның үдемелі дамуында белсенділік танытып жүрген ел жанашыры, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Жидебай Оңталап Тасболатұлы 50 жаста. Бүгін мерейтой иесіне құрмет көрсетіліп, қала әкімінің құттықтауы табысталды. ⚜️Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімінің…
Read More