Жидебай Оңталап 50 жаста

⚜️Қалалық қоғамдық даму бөлімінің «Азаматтық қоғам институттарының бастамаларын қолдау және қоғамдық-саяси маңызы бар шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 03 желтоқсан күні Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Жидебай Оңталап Тасболатұлының мерейлі 50 жасқа толуына орай құттықтау шарасы өтті.

⚜️Қоғамның үдемелі дамуында белсенділік танытып жүрген ел жанашыры, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Жидебай Оңталап Тасболатұлы 50 жаста. Бүгін мерейтой иесіне құрмет көрсетіліп, қала әкімінің құттықтауы табысталды.

⚜️Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімінің жетекші маманы Бижанова Айгүл Асылбекқызы мерейтой иесін еліміздің дамуы жолында сіңірген еңбегі үшін алғыс айтып, қала әкімі Ахатов Нұржан Сәбитұлының құттықтауын табыстап, игі дәстүрмен иығына шапан жапты.

⚜️Өз кезегінде Оңталап Тасболатұлы көрсетілген құрмет пен ілтипат үшін қала басшылығына ықыласын білдіріп, алғысын жеткізді.

Related posts