Сот отырысының хатшысы болу — абройлы міндет

Г.СайджаппароваҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Егер тарих шымылдығын түріп, «хатшы» деген мөздің түп-тамырына үңілер болсақ, ең алдымен хаттаушы немесе жылнамашы деген сөздердің ойға оралары анық. Осы кәсіпті иеленген адамдар туралы деректер мол. Хатшылар данышпан, ел билеуші адамдардың қасында жүріп, олардың бұйрықтары мен жарлықтарын қағаз бетіне түсірді. Олар оны жәй ғана қағаз бетіне түсіріп қойған жоқ, болған жайдың бәрін хронологиялық тәртіппен мұқият тіркеді. Небір оқиғалардың айна-қатесіз ұрпақтан ұрпаққа өзгермей қаз-қалпында жетуі осы хатшылардың жазу шеберлігі мен зердесіне байланысты болды. Сондықтан хатшылық жұмыс заңдарды жақсы…

Read More

24 маусым – Судья және сот қызметкерлері күні

Е.РаушанбекұлыҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы Сот жүйесі – бұл мемлекет пен азаматтардың конституциялық құқықтары сақталуының кепілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Барлық деңгейді соттар шын мәнінде тәуелсіз, ашық және кәсіби болмаса, заң үстемдігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Мемлекет осыған орай ауқымды жұмыс жүргізуде» деген болатын.          Үшінші билік өкілі саналатын сот саласы еліміздің демократиялық және құқықтық мемлекет құру, қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтық бейбітшілікті сақтау жолында маңызды рөл атқарады. Өйткені, қоғамдағы даулар мен жанжалдарды шешу судьядан жоғары білімді, тәжірибені және мінсіз адами және тұлғалық қасиеттерді талап етеді.…

Read More

Соттың оң имиджін қалыптастыру

Г.ДосанҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң реформалар жүргізу кезінде сот билігінің мәртебесі мен өзекті рөлі мемлекеттің саяси және құқықтық жүйесінде заңды түрде танылып, құқықты мемлекет талаптарына сәйкес келетін сот жүйесін құруға бағыт алынды. Біздің мемлекетте сот жүйесін құру кешенді сипаттағы ұйымдастырушы және құқықты шаралармен жүргізілді. Судья және сот қызметкерлерінің міндеттерін айқындап олардың азаматтар алдындағы оң имиджін көтеру мәселелері соңғы жылдары жиі талқылануда. Расында, жүгі ауыр осы саланың қоғам алдындағы беделін еселеп арттыратын уақыт келді. Бұл үшін судьялар әрқашан әділ шешім шығарып, әр…

Read More

Кассациялық соттың құрылуы

Е.РаушанбекұлыҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы Қазақта «Жол мақсаты жету, дау мақсаты біту» деген сөз бар емес пе. Дау қуалап биге апарады демекші сол даулар біту үшін сөзі өтімді де, кесімді биге жүгінбей ме. Би шешеді, шеше алмаса дау өседі деген де сол дана қазақ ғой. Расында дауды би, қазірге сот шешеді, алайда жеңіліске ұшыраған тараптар де өкпе реніш етіп жатады. Одан әрі сотқа шағымданатындар да, келіспеушілігін іс жүзінде жүзеге асырмайтындар да бар. Міне, сондай ренішті жандар судьяларға қатысты жағымсыз пікір айтып жүреді. Қоғамның осы бір…

Read More

Апостильдеу тәртібі

Соттар жыл сайын әртүрлі даулар мен мәселелерге байланысты түрлі шешім қабылдайды. Олардың кейбіреулері біздің елден тыс, яғни шет жерлерде де талап етілуі мүмкін. Қандай да сот актісі ресми құжат мәртебесіне ие болу үшін, яғни ол шет мемлекеттерге жолданар алдында міндетті түрде заңдастырылады, апостиль қойылады. Апостиль – заңдастырудың осындай нысанын танитын елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпаратты толтырудың халықаралық стандартталған нысаны. «Апостиль» мөрі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелеріне қойылады. Апостильденген құжат аттестациялауды немесе заңдастыруды талап етпейді және оны Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттің ресми органдары мойындайды. Апостильденген құжат шет мемлекеттерге жолданатын…

Read More

Синтетикалық есірткіден сақтан

М.ЖуынтаевҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман сот отырысының хатшысы Замана көші алға ілгерілеген сайын бұрын-соңды естіп-білмеген дүниелер көбейіп келеді. Олардың арасында адамзатқа пайдалысы да зияны да көп.Ең қауіптісі зиянының көп болғаны. Осы зияндардың ішінде ерекше орын алатыны – есірткі мен нашақорлық.Шығу тегі мен мерзіміне қарағанда кеше ғана өмірге келген зат емес. Бұрыннан жер бетінде басқа өсімдіктермен қатар өмір сүріп келеді. Алғашында дәрілік шөп ретінде медицинаға пайдаланған бұл өнім – уақыт өте келе жүйке жүйесіне әсер ететін затқа айналды.Ғылымда есірткіні адамның көңіл-күйін, сана сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті,…

Read More

Сот әкімшілігінің негізгі қызметі

ҚР Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №106 жарлығымен Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Сот әкімшілігі болып қайта құрылды. Ал, сот әкімшісінің аумақтық  органдары  департамент  болып өзгертілді. Республиканың барлық  облысында сот әкімшілігінің  аумақтық бөлімшелері  жұмыс істеп жатыр. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстарда, астанада және республикалық  маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері  бар жергілікті  және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық–талдамалық және материалдық техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сот әкімшілігі саласындағы Қазақстан Республикасының  уәкілетті мемлекеттік органы болып  есептеледі. Сот әкімшілігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және…

Read More

Қазақ тілі және сот медицина сараптамасы

Жусупова Бактыгуль Куанышевна,Қызылорда облысы бойынша сот cараптамалары институтыСот-медицина сарапшысы-биолог, Сот-биологиялық бөлімшесі Еліміздің егемендік алғанына 33 жылдан асып барады. Сол егемендікті алғаннан бері Қазақстан сот-медицина сараптамасы да өз алдына егемендік алып, медицина саласында елеулі көш бастауда, яғни өз алдына шаңырақ құрып өзінің жеке ережесін құрды. Сонымен қатар бірнеше жылдар төңірегінде өз журналын шығарып, өзінің мамандық иелерін ғана таныстырып қоймай басқа да медицина саласында қызмет жасап жүрген медицина мамандарының қолына тиюде және де олар  да  өз ойларын,жаңалықтарын жазып пікір таластыруда. Бұл өте қуанарлық жағдай.       Қазақ тілі – сот медицинасы  төңірегінде сөз…

Read More