Е.Раушанбекұлы
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы
Қазақта «Жол мақсаты жету, дау мақсаты біту» деген сөз бар емес пе. Дау қуалап биге апарады демекші сол даулар біту үшін сөзі өтімді де, кесімді биге жүгінбей ме. Би шешеді, шеше алмаса дау өседі деген де сол дана қазақ ғой. Расында дауды би, қазірге сот шешеді, алайда жеңіліске ұшыраған тараптар де өкпе реніш етіп жатады. Одан әрі сотқа шағымданатындар да, келіспеушілігін іс жүзінде жүзеге асырмайтындар да бар. Міне, сондай ренішті жандар судьяларға қатысты жағымсыз пікір айтып жүреді. Қоғамның осы бір осал тұсын дөп басып айтқан Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Бүгінде қылмыстық және азаматтық істердің небәрі 5 пайызы ғана кассацияға жолданады. Бұл өте аз әрі азаматтардың сұранысына сәйкес келмейді. Сондықтан заңгерлер және кәсіпкерлер қоғамдастығымен өз алдына бөлек кассациялық инстанция құру мәселесі жөнінде кеңес өткізу қажеттігі пісіп жетілді деп ойлаймын» деген пікірін айтты. Содан кейін Ал, 5 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Заңға сәйкес, Жоғарғы сот кассациялық сатыда болуды тоқтатады, арнайы кассациялық соттар құрылады. Бұл келер жылдың ешісіндегі іс болмақ.
Жалпы Кассациялық сот:
-сот істері мен материалдарын кассациялық сатыдағы сот ретінде қарайды;
-сот практикасын зерделейді және оны жалпылау қорытындысы бойынша төменгі сот сатыларының сот төрелігін іске асыру кезінде заңдылықты сақтау мәселелерін қарайды;
-заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Кассациялық соттың судьясы заң мамандығы бойынша кемінде 18 жыл жұмыс өтілі бар немесе судья ретінде кемінде 8 жыл жұмыс өтілі бар, оның ішінде облыстық соттың судьясы ретінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар азамат бола алады.
Ел дамуы, халық құқығының сақталуы мемлекетіміздің басты ұстанымы, ұлы ұстыны екені сөзсіз. Сондықтан бұл бастама өз жемісін беретін заман талабы бола бермек.