Заңсыз есірткі және психотроптық заттардың айналымына қатысты

А.Изтелеуова
Қызыорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Замана көші алға ілгерілеген сайын бұрын-соңды естіп-білмеген дүниелер көбейіп келеді. Олардың арасында адамзатқа пайдалысы да зияны да көп.

Ең қауіптісі зиянының көп болғаны. Осы зияндардың ішінде ерекше орын алатыны – есірткі мен нашақорлық.

Шығу тегі мен мерзіміне қарағанда кеше ғана өмірге келген зат емес. Бұрыннан жер бетінде басқа өсімдіктермен қатар өмір сүріп келеді. Алғашында дәрілік шөп ретінде медицинаға пайдаланған бұл өнім – уақыт өте келе жүйке жүйесіне әсер ететін затқа айналды.

Ғылымда есірткіні адамның көңіл-күйін, сана сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат ретінде сипатталады. Адамның есін алу арқылы қоғамға зиянды әрекеттерге барады. Ал ең өкініштісі оны тұтыну әдетке айналып, науқастардың қатарына ену.

Жалпы есірткі арқылы оны үнемі тұтынудың кесірінен бірі айықпас кеселге ұшырап жатса, екінші бірі осы өсімдік немесе одан өндірілген өнім арқылы өз бизнесін жолға қойған. Әрине Қазақстан Республикасында есірткі айналымы заңсыз деп саналады.

Нашақорлық пен заңсыз есірткі бизнесін біржолата тыю мақсатында әлемде бірнеше жобалар іске асырылады. Біріккен ұлттар ұйымының жанынан дәл осы бағытта жұмыс атқаратын басқарманың мәліметіне сүйенсек әлем халқының 3-4 пайызы есірткіні тұрақты түрде тұтынады және олардың 5-10 пайызы ғана арнайы мекемеде тіркеуде.

  Заңсыз есірткі айналымы да әлемдік деңгейде ойландыратын мәселелердің біріне айналған. Орталық және Оңтүстік Америкада, Орталық Азия ескірті тасымалының ошағына саналады. Ал оның алдын алу барша әлем халқының міндетіне айналған. Сондықтан әр жылдың 26 маусымы «Халықаралық есірткі өнімін тұтыну мен заңсыз айналымына қарсы күн» ретінде белгіленген. Әлемдегі геосасяи және экономикалық одақтарға мүше елдердің арасында осы бағытта бірлескен жұмыстар атқарылуды.

Конституциямызда мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген. Қазақстан өзін зайырлы, әлеуметтік, демократиялық жəне құқықтық мемлекет ретінде орнықтыра отырып, дүниежүзілік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі болып, есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы белсенді түрде күрес жүргізуде.

Бұл өнім адам өмірі мен психикасына кері әсер ететін болғандықтан Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 11 тарауында осыған қатысты құқықбұзушылықтардың түрі мен жазасы туралы көрсетілген. Аталған қылмыстың өзіне де өзгеге де қауіпті болғандықтан жазасы да қатаңдау.

Есірткі өнімін тұтыну да, оны сақтау да, сату да қылмыс екенін байқауға болады.

Осы секілді есірткі өнімін заңсыз өсіру, дайындау, тарату, алып қою, жымқыру, тұтынуға көндіру, жарнамалау т.б. осы тектес әрекеттерге заң жүзінде жаза қарастырылған.

 Сонымен қатар мемелекет тарапынан осы әрекеттерге тосқауыл қою мақсатында кешенді түрде шаралар қабылданады. Медициналық ұйымдар, жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдары да түрлі деңгейдегі насихаттар мен қарсы іс-шаралар атқаруда.

  Полиция органымен жыл сайын «Көкнәр» жедел алдын-алу опреациясы арқасында есірткі өсіруге ықтимал аймақтар, жастар шоғырланатын күмәнді жерлер жіті тексеріліп, есірткі өнімінің сауда-саттыққа шықпауын қадағаланып өз нәтижесін беруде.

 Осы қабылданып жатқан заңдар мен жасалып жатқан шаралар алдымен елімізде тәртіп орнату, одан кейін өскелең ұрпақты салауаттылыққа тәрбиелеу болып табылады. Қылмысты жасағанның арты қуыс болатыны белгілі. Осы жаман әдетке үйір болу, оны пайдалану арқылы жалпыға бірдей моральдан, имандылықтан айырылатыны белгілі.

Басты сот талқылауында ссы қылмысты ұйымдастырушылар есірткі алқабына ешқандай қатысы жоқ екендігін, барлығына өзге тұлғаларды кінәлі екендігін мәлімдеді.

Бұл жерден түйетініміз, қылмысқа барған адам өтірікке әуес болады, жан-жағын азғырып, жазадан құтылу үшін досын да орға жығады.

Сондықтан осы қылмыстың алдын-алу, көрген жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлау біздің басты міндетіміз болуы тиіс. Сонда ғана біз өмір сүріп жатқан қоғам дамып, Қазақстан әлемдегі озық елдердің қатарына кіретіні сөзсіз.

Related posts