ШИЕЛІДЕ “ҚАМҚОРЛЫҚ-ШИЕЛІ” ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ!

Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің тапсырысы негізінде “Жалынды жастар” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Қамқорлық-Шиелі” орталығы ашылды. Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық-қазіргі таңдағы ең жойқын адам құқығы бұзылуының бірі. Зорлық- зомбылық әйелдердің қоғамдық өмірге араласуына кедергі келтіреді.Біз әйелдер мен қыздардың өз әлеуетін толықтай жүзеге асыруға, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге және өз армандарын орындауға ресурстар мен мүмкіндіктерге ие болатын әлемге бірлесіп қол жеткіземіз! Сол мақсатта біз “Қамқорлық-Шиелі” дағдарыс орталығын аштық! Егер сізде қатігездік пен зорлық-зомбылық орын алса төмендегі номерлерге хабарласуыңызды сұраймыз! Орталық жетекшісі-Аликулов АдилЖауапты маман- Мадиярова Шырайлым-87751268787Психолог-Зарина Жарылқасынқызы

Read More

“ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!” СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ, КЕЗДЕСУІ ӨТТІ.

2023 жылғы 31 тамыз күні Шиелі аудандық жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің тапсырысы негізінде “Жалынды жастар” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” семинар-тренингі және кезднсу өтті. “Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету” жобасының мақсаты:Әйелдер мен қыздардың өз әлеуетін толықтай жүзеге асыруға, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге және өз армандарын орындауға ресурстар мен мүмкіндіктерге ие болатын әлемге бірлесіп қол жеткізу. Шараға Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі, аудандық жастар ресурстық орталығы өкілдері, орталық мамандары…

Read More

Қызылорда қаласының әкімдігі жөндеу жұмыстарына байланысты жолдарды жабу кестесін жариялады

Жол жөндеу жұмыстарын 15 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда. Қаламыздың Сұлтан Бейбарыс көшесінің Н.Назарбаев даңғылынан  Тәуелсіздіктің 25 жыл даңғылы аралығындағы көше бойына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты2023 жылдың 19 шілдесі мен 15 тамызы аралығында жол жабылып, жол қозғалысы уақытша тоқтатылатындығын хабарлаймыз.          Жол жөндеу жұмыстарының нәтижесінде Сұлтан Бейбарыс көшесі 4 жолақтыдан 6 жолақтыға ауысып, көше бойы абаттандырылады. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолы, аллеялар мен субұрқақтар іске қосылады. Осыған орай, Сіздерден орын алып отырған уақытша шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз.          Аталған көшелер бойынша қоғамдық көліктер мен басқа жеке тұлғалардың көліктердің жол жүру қозғалысы…

Read More

Алқабилер институты – әділдік бастауы

Сот жүйесіндегі замануи өзгерістер мен тәжірибелер саланың өркендеуінің бірден-бір кепілі. Әсіресе, алқабилер соты бұл бағыттағы жаңашыл идея екені даусыз. Елімізде 2007 жылдан бері қолданысқа енгізілген алқабилер сотының бүгінде қатысты санаты көбейіп, ауқымы ұлғаюда. Сот процесіндегі әділдік пен ашықтық үнемі жаңаруды қажет етеді. Алқабилер сотын енгізудегі басымық та осы ұстанымдарға сай келетіндей. Сот жүйесіндегі басымдық – әділдікте. Барлық бастамалардан күтілетін нәтижесі де осы бағытта дамитыны сөзсіз. Сондықтан алқабилер соты туралы айтқан кезде оның әділдік орнатуға қосар үлесіне назар аударған жөн. Олай дейтініміз, алқабилер соты сот шешімінің әділ өтуіне ықпалын тигізіп, сот…

Read More

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастырумен ү.ж 13 шілде күні сағат 10.00 де Шиелі аудандық әкімдігінің мәжіліс залында және Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының мәжіліс залында «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» тақырыбында семинар өткізілді. Негізгі мақсаты: тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.Шара барысында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тағыда басқа бірқатар мәселелер туралы түсіндіріліп ақпараттар берілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекет әр…

Read More

СОТ ЖҮЙЕСІ. КЕШЕ. БҮГІН. ЕРТЕҢ.

Сот жүйесінің тәуелсіздігі қағидаттарының негізгі кепілдіктері еміздің Конституциясында көрініс тапқан. Осының негізінде Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Өткенге көз жүгірстек, 1991 жылы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағаннан кейін басталған саяси, әлеуметтік және экономикалық қайта құру процесі негізінде елімізде ұлттық құқықтық жүйе қалыптасып, сот жүйесінің реформасы жүргізілді. Егеменді елдің сот саласында түбегейлі өзгерістер орын алып, мемлекеттік биліктің дербес тармағы – соттың іргетасы қаланды. Сол уақыттан басталған реформа кезең-кезеңімен заң-ережелер, бағдарламалар, халықаралық тәжірибе және сарапшылардың талқылауымен жетілдіріліп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезінде жасаған баяндамасында сот төрелігінің…

Read More

Аудандық және оған теңестірілген соттарды іс қағаздарын жүргізу қағидасына сәйкес, құжаттарды қабылдау мен тіркеу тәртібі. Электрондық құжаттарды тіркеу.

Бүгінгі күнге дейін соттардың дербестігін күшейту бағытында бірқатар істер атқарылып, заман талабына сай заңдар қабылданды, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттарды іс қағаздарын жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізіліп электрондық сипатта іс қағаздарын тіркеу және жүйелендірілген программаға тіркеліп ендірілу енгізілді.Яғни, аудандық және оған теңестірілген соттарды іс қағаздарын жүргізу қағидасына сәйкес, құжаттарды қабылдау мен тіркеу тәртібі яғни сотқа түсетін хат-хабарларды кеңсе қызметкерлері қолын қойып, алынған күні, уақыты, оны алған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіліп, қабылданады.          Арыз (шағым) жеке берілген кезде сот кеңсесінің қызметкері арызданушыға арызды (шағымды) тіркеу туралы талонды толтыруды ұсынады, онда сот…

Read More

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ақпараттық жобалары

         Прокуратура органдары Мемлекет басшысының құқық қорғау органдарының күнделікті қызметіне озық цифрлық технологияларды енгізу туралы тапсырмасын орындау жұмысын ерекше жауапкершілікпен жүргізуде, бұл ретте негізгі рөл Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің әлеуетін пайдалануға жүктеледі. Бүгінгі таңда Комитет азаматтардың өтініштері, сот шешімдері, қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер бойынша есептерді жүргізеді. Барлығы 23 есеп нысаны және 24 арнайы есепке алу түрі қолданылады.          Айта кететін жайт, инновациялық цифрлық жобаларды енгізудің оң нәтижесі ретінде құқық қорғау қызметінің тиімділігін арта түсті. Осы жобалардың функционалын жетілдіру бойынша қабылданған шаралар елдегі заңдылықтың жай-күйіне елеулі…

Read More

Акция өткізхіл

Шиелі қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында ү.ж. 19 маусым күні сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағыты бойынша акция өткізілді. Акция барысында Шиелі ауданының базарларында, «Altair» сауда орталығында, авто тұрақтарда, «Evrika», «Technodom» техникалық сауда орталықтарында, халық көп шоғырланатын орындарға, сыбайлас жемқорлық көріністері көп орын алған жерлерге 100 дана ақпараттық жадынамалар таратылды.

Read More

Жемқорлықсыз қоғамға қадам

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында 12 маусым күні Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде және Ақсуат ауылдық округінде тұрғындар арасында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бағытында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу мақсатында Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі, «Әділет» құқықтық қызмет көрсету орталығының жетекшісі, Заң консультанты Дәулет Ізбасарұлымен «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында Дәулет Ізбасарұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, қызметкерлерге пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі…

Read More