Сот жүйесіндегі замануи өзгерістер мен тәжірибелер саланың өркендеуінің бірден-бір кепілі. Әсіресе, алқабилер соты бұл бағыттағы жаңашыл идея екені даусыз. Елімізде 2007 жылдан бері қолданысқа енгізілген алқабилер сотының бүгінде қатысты санаты көбейіп, ауқымы ұлғаюда. Сот процесіндегі әділдік пен ашықтық үнемі жаңаруды қажет етеді. Алқабилер сотын енгізудегі басымық та осы ұстанымдарға сай келетіндей.
Сот жүйесіндегі басымдық – әділдікте. Барлық бастамалардан күтілетін нәтижесі де осы бағытта дамитыны сөзсіз. Сондықтан алқабилер соты туралы айтқан кезде оның әділдік орнатуға қосар үлесіне назар аударған жөн. Олай дейтініміз, алқабилер соты сот шешімінің әділ өтуіне ықпалын тигізіп, сот ісіне қатысушылар құқығын қорғауға көмегін тигізеді. Оған қоса бұл жүйенің халықаралық стандартқа жақын әрі сотқа деген елдің күмәнді көзқарасы өзгертуге, сот жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Тіпті, жүйені жетілдіру үшін «Алқабилер» туралы арнайы заңда қабылданғанын білеміз,
Жалпы, алдымен «Алқабилер кімдер?»деген сауалға жауап іздеген жөн. Сонда ғана оның функциясы мен арттықшылықтары айқындалар еді. Алқабилер – қарапайым халық өкілдері. Яғни, арнайы құқықтық білімі жоқ, заңда белгіленген шектеулерден өтіп, таңдап алынған қоғам азаматтар. Сол себепті, кез келген іске қарапайым халықтың көзқарасымен, сараптауымен қарауға жол ашады.
Бұл орайда жауапкершілік те артатыны анық. Мәселен, айыптаушы мен қорғаушыалқаби құрамындағы қарапайым адамдардың көзін жеткізу үшін дәлелдерді сауатты әрі нанымды жеткізуге тырысады. Халық атынан сотқа қатысып отырғандықтан,алқабидің де жауапкершілігі жоғары.
Бүгінде алқабилердің қатысуымен өткен сот процестері,қаралған істер жоғары деңгейде өтуде. Жыл сайын алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің саны артып, салаға серпін әкелгені анық. Қорыта айтқанда, алқабилер институты – әділдік бастауы.
Өңірімізде де алқабилер соты тұрақты өтеді. Қоғамның құқықтық сауаты артқан сайын алқабилер сотының тиімділігі мен артықшылығы алдыңғы қатарға шығуда. Осы сәтте Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қаралаған қылмыстық істер жөніндегі мәліметке көңіл бөлейік. Статистикаға сүйенсек, 2010 жылыдан 2022 жылға дейін 33 іс қаралған.
Енді ұсыну тәртібіне келейік. Судья алдын ала тыңдауды сотталушылар мен қорғаушыларды қатыстырып, жеке-дара өткiзедi.Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат мәлімделмесе, сотталушы бұл құқықты пайдалана алады. Сотталушының ауызша өтінішхаты сот отырысының хаттамасына енгізіледі, жазбаша өтінішхат іске қоса тігіледі. Сотталушының істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхатынан бас тартуы, сондай-ақ оның осындай өтінішхатты мәлімдегісі келмейтіні сот отырысының хаттамасында, не іске қоса тігілетін сотталушының жазбаша өтінішхатында көрсетілуі тиіс.
Осылайша, өтінішхат мақұлданса, судья сот отырысын тағайындау туралы қаулыда iстi алқабилер қатысатын соттың қарайтынын, алқабиге үміткерлердің санын анықтайды. Айта кетерлігі, алқабилер саны 25 адамнан кем болмауы қажет.
Істi алқабилер қатысатын соттың қарауына тағайындау жүргізілгеннен кейін алқабиге iрiктеу жүргізіледі. Кейін олардың сот отырысына келуiн міндеттейді. Себі, хабарлама алған азаматтар алқабилердi iрiктеу рәсiмiне қатысу үшiн сотқа келуге тиіс
Жүйе кемшіліксіз емес, әрине. Бастысы, алқаби мүшелерінің кейбірі сот процесіне келуге құлық танытпайды. Себебі де түсінікті. Қарапайым адам болған соң жұмыс, жеке шаруадан босай алмауы мүмкін. Яғни, алқаби болған дәрігер, мұғалім секілді кез келген маман иесі өзі жұмысының уақытын реттей алмайы ықтимал. Сондықтан алқабилердің толық жиналмауына байланысты сот процесі кейде ұзаққа созылып кетеді. Саладағы олқылықтың бірі деп осын мәселені айтса болатындай.
Уақыт талабына сай өзгеріс енгізу сәтті жұмысқа жетелейді. Алқабилер сотында да мұнадй өзгеріс орын алды. ҚР-ның 2019 жылғы №292-VI Заңына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелері 2023 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Нәтижесінде, алақабилердің қатысуымен қаралатын істердің саны артты.Атап айтқанда, төтенше ахуал жағдайларында, жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру, бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыс істері алқабилер сотының құзыретіне кіреді. Сондай-ақ мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы, террористік және экстремистік қылмыстар, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстармен аса ауыр қылмыстық істер де алқабилердің қатысуымен қаралады. Бұған дейін алқабилердің қатысуымен қаралатын істер 14 санат болса, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 32санатты құрайды. Өткен жылмен салыстылғанда 18 санатқа көбейген.Бұл – оң өзгеріске бастайтын қадам.
Алқабилер институтын дамыту мақсатындаҚызылорда облыстық сотының ұйымдастыруымен дөңгелек үстелдер, кездесулер тұрақты өткізілуде. Әсіресе, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, судьялар, қылмыстық істерді қарайтын соттардың төрағалары мен судьялары қатысады. Оған қоса билер кеңесінің мүшелері, сот ардагерлері қоғамдық кеңесінің төрағасы, Қызылорда облысы әкімдігінің, прокуратураның, полиция департаментінің, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Қызылорда облыстық филиалының басшылары да қалыс қалмайды. қорғаушылар мен заң кеңесшілері де жиындарға белсенділік танытады.
Ә.Р.Жақсылықов
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соты соттар әкімшісінің басшысы