Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында 12 маусым күні Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде және Ақсуат ауылдық округінде тұрғындар арасында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бағытында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу мақсатында Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі, «Әділет» құқықтық қызмет көрсету орталығының жетекшісі, Заң консультанты Дәулет Ізбасарұлымен «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыбында кездесу өткізілді.



Кездесу барысында Дәулет Ізбасарұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, қызметкерлерге пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сауалдарға жауап беріліп, пікірлер айтылды.