Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ақпараттық жобалары

         Прокуратура органдары Мемлекет басшысының құқық қорғау органдарының күнделікті қызметіне озық цифрлық технологияларды енгізу туралы тапсырмасын орындау жұмысын ерекше жауапкершілікпен жүргізуде, бұл ретте негізгі рөл Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің әлеуетін пайдалануға жүктеледі. Бүгінгі таңда Комитет азаматтардың өтініштері, сот шешімдері, қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер бойынша есептерді жүргізеді. Барлығы 23 есеп нысаны және 24 арнайы есепке алу түрі қолданылады.

         Айта кететін жайт, инновациялық цифрлық жобаларды енгізудің оң нәтижесі ретінде құқық қорғау қызметінің тиімділігін арта түсті. Осы жобалардың функционалын жетілдіру бойынша қабылданған шаралар елдегі заңдылықтың жай-күйіне елеулі әсер етті.

         Әкімшілік және қылмыстық салалардағы, сондай-ақ бақылау-қадағалау органдары мен бизнес субъектілерінің қатынастары саласындағы құқық қорғау қызметін барынша қамту цифрлық жобалармен қамтамасыз етілді. Мысалы, Е-ҚІ функционалы сотта істерді толығымен электрондық форматта тергеуге және қарауға мүмкіндік береді. 

         Жобаның өзі сот ісін жүргізудің ашықтығын, материалдарды бұрмалау тәуекелдерін азайтуды және тергеп-тексеру мерзімдерін қысқартуды қамтамасыз етеді.

         Өткен жылы Әділет министрлігімен бірлесіп, бастап полиция органдары мен адвокаттар алқасында «Адвокатты қорғаушы ретінде тағайындау, мемлекет кепілдік берген заң көмегін (МКЗК) есептеу және төлеу процестерін автоматтандыру» жобасы бүкіл ел бойынша іске қосылды. Бұл жобаның жағымды тұсы –адвокаттарды жедел тағайындау, адвокаттар арасындағы істерді біркелкі бөлу және адвокаттар еңбекақысын кешіктірмей төлеу, тиісінше олардың алқалы басқару органдарынан тәуелсіздігі қамтамасыз етілді.

         Құқық қорғау қызметі – бұл әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу, олардың алдын алу, жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

         Полиция қылмыскерлерді ғана емес, туыстарымен және басқалармен байланысын жоғалтқан, жоғалған адамдарды да іздейді. Бұл жұмыстың нәтижелі болуына құқықтық статистиканың ақпараттық технологиялары көмектеседі. Бұл ӘІБТ Процессинг орталығы, онда ел бойынша фото-бейнетіркеу аспаптарымен тіркелген жол қозғалысы ережелерін бұзудың барлық фактілері жинақталған.

         Бұл жұмысты қылмыстардың жасалған орындары көрсетілген «Қылмыстық құқық бұзушылық» және «Жол-көлік оқиғалары» карталарынсыз елестету мүмкін емес, олар қылмыстардың да, жол-көлік оқиғаларының да алдын-алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

          «Электрондық іздестіру» модулі бюрократиялық рәсімдерсіз адамды жедел іздестіруге мүмкіндік береді. Құқықтық статистика қызметтерінің, оның ішінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі деректер базасы құқық қорғау жүйесі үшін ғана емес, қарапайым азаматтар үшін де үнемі кеңеюде.

         2021 жылдың сәуір айынан бастап елімізде құқықтық реформа аясында полицияның, прокуратураның және соттың өкілеттіктерін нақты бөлетін үш буынды модель енгізілуде.

         Полиция қылмыстарды анықтап, қатысы бар адамдарды тауып, дәлелдер жинайды. Прокурор Конституцияның 83-бабында көзделген конституциялық өкілеттіктер шеңберінде жиналған дәлелдемелерге тәуелсіз баға береді, азаматтардың құқықтарының бұзылуына, адал азаматтардың қылмыстық процеске тартылуына жол бермейді, сотта айыптау тарабын қолдайды. Сот тергеу сатысында адам құқықтарының сақталуын, оның ішінде прокурор тарапынан сақталуын бақылайды, барлық дәлелдемелерді қарап шығып, бағалайды және түпкілікті үкім шығарады.

        Апробацияны техникалық сүйемелдеуді құқықтық статистика органдары да жүзеге асырады. Бұл ретте біз бір мезгілде үш буынды жүйе жағдайында СДТБТ жүйесін жетілдіреміз және бейімдейміз. Электрондық келісім тергеу органдарының басшылығына және қадағалаушы прокурорға қылмыстық істерді тергеу барысын онлайн режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Заңдылықты қадағалауға тиісті прокурор бұл процеске іс өзіне келгеннен бастап емес, істі тергеуге басынан бастап қатысады.

         Электрондық келісу кезінде айла-шарғылар барынша азайтылады, бұл да бұрмалау мүмкіндігін жоққа шығарады.

         Өз кезегінде Құқықтық статистика басқармасы құқықтық статистиканың дұрыстығын қашықтан қадағалауды жүзеге асырады және уәкілетті мемлекеттік органдарды, сондай-ақ қылмыстық процеске қатысушыларды объективті құқықтық ақпаратпен қамтамасыз етеді.

         Құқықтық статистиканың дұрыстығы СДТБТ мәліметтерінің толық және уақтылы толтырылуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Іске асырылып жатқан жаңалықтардың басты ерекшелігіне сәйкес ақпараттық мемлекеттің құқықтық тетігі заңдылық пен құқық тәртібі талаптарының басымдығы, азаматтардың, мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын есепке алу және бақылау арқылы елдің қауіпсіздігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесіндегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу әлемдік практикадағы алғашқы табысты тәжірибе ретінде бүгінде халықаралық аренада жоғары бағаға ие болуда. 

Р.М.Бусурманов
ҚР БП ҚСжАЕК
Қызылорда облысы бойынша
Басқармасы бастығының            
орынбасары

Related posts