Жат ағымдардан сақтану және жастар арасында киберқауіпсіздік

⚜️Шиелі қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 10 қазан күні РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен Шиелі ауданы бойынша мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, тарих дәне дінтану пәні мұғалімдеріне, психолог мамандарына арналған «Жат ағымдардан сақтану және жастар арасында киберқауіпсіздік» тақырыбында семинар өткізілді.⚜️Семинарды Асыл Мұра-Орда қоғамдық қорының жетекшісі Айжан Айтмамбетова ашып, сөз кезегі Бақтияр Есенгелдіұлына берілді.⚜️Бақтияр Есенгелдіұлы жат діни ағымдарға қарсы рухани иммунитет қалыптастырудың маңыздылығы, экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу, ел бірлігі…

Read More

Судьялардың ІХ съезіндегі талқылау нәтижелері туралы

Судья – конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру және өзінің міндеттерін кәсіби негізде атқару құқықтары берілген сот билігін атқарушы.Судьялар съездері – бұл судьялар қауымдастығының сот жүйесін жүзеге асырумен байланысты өзекті мәселелерін ортаға салып талқылап, алдағы стратегиялық міндеттерді айқындайтын маңызды алаң.Республика судьяларының съезі мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірі үшін мәні зор оқиға екені сөзсіз. Бұл осындай съездерде сот жүйесін одан әрі дамыту жолдарын айқындайтын аса маңызды шешімдер қабылданатындығына байланысты.Қазақстанда мұндай съездер төрт жылда бір рет өткізіледі. Съездердің сот жүйесін дамыту үшін ерекше стратегиялық маңызы бар. Олардың әрқайсысында соттардың даму қорытындылары шығарылады және перспективаға…

Read More

Елімізде  Судьялардың  IX  сьезі өтті

Ең алғаш 1996 жылы 19 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Судьяларының Одағы» құрылып, республика  судьяларының алғашқы сьезі өтті.Сот  саласының дамуында судьялар сьезінің алар орны ерекше. Әр төрт жыл сайын саланың кем кетігін түгендеп, келер сьезге дейінгі мақсат жоспарларды  айқындап  беретін жиын дәстүрлі  түрде биыл тоғызыншы рет өткізілді.Бұл сот жүйесі үшін маңызды іс шара.       Судьялар сьезі- елімізде сот жүйесіндегі негізгі мәселелерді талқылап, стратегиялық міндеттерді айқындайтын маңызды алаң. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын  бас қосу соңғы рет пандемия кезінде онлайын режимде өткен еді.       Биыл 4 қазанда Астана қаласында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы судьяларының  IX  сьезі  өтті.…

Read More

Орман шаруашылығы қызметкерлері күні

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті.Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы сексеуіл ормандарымен де әйгілі. Қорық Арал теңізі аймағында орналасқан. Барсакелмес қорығындағы сексеуіл ормандары аса құрғақ ортадағы ерекше экожүйенің сипаты болып келеді. Қорықтың орман қорының жалпы көлемі 56216 га, оның ішінде орманды алқаптар -33208 га. Барсакелмес қорығында сексеуіл орманын қорғау және басқару осы бірегей табиғи ортаны сақтауда және оның болашақта тұрақтылығын қамтамасыз етуде басты рөл атқарады.Қазақстандағы сексеуіл ормандары еліміздің құрғақ және шөлейт аймақтарында өсетін маңызды табиғи кешендер болып табылады. Сексеуіл осы ормандарды құрайтын негізгі өсімдік. Бұл…

Read More

Аудандарда кездесу өтті

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 9-16 қазан күндері аралығында Шиелі, Жалағаш, Сырдария, Қазалы аудандарында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен жергілікті атқарушы орган басшыларының кездесуі өткізілді.Кездесу барысында қоғамдық даму бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің бас мамандары жұмыс барысында атқарылып жатқан функциялары, жоспарлары мен бюджеттік бағдарламалары, 9 айлық мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізілген шаралар және келер жылға жоспарланған жобалар туралы, 2025 жылдың…

Read More

Ауыл әйелі — бақ береке бағбаны

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры және Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссиясымен бірлесе ұйымдастыруымен қарапайым еңбекші ауыл әйелдерінің қатысуымен «Ауыл әйелі-бақ береке бағбаны» атты форум өткізілді.Шараның негізгі мақсаты – үлгілі отбасыларының еңбек әйелдеріне құрмет көрсету, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау.Шара «Анаған тағзым» орталығының алдындағы Ана ескеркішіне гүл қойып, тағзым етуден бастау алдыШара барысында «Абзал и К» ЖШС-гі өндіріс орындарымен танысып, Қазақстанның еңбек Ері Абзал Ералиевпен пікірлесті.Қызылорда қаласының сол жағалауындағы жаңадан ашылған Оқушылар сарайымен танысты.Одан әрі, қаламыздағы…

Read More

Жастармен кездесу өтті

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 15 қазан күні Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығында «Жемқорлықсыз қоғам құру — баршаға міндет» тақырыбында TedX форматында жастармен кездесу өткізілді. Әділеттілік пен адалдықты ту еткен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, заңгер Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы жастарымызды қоғамымызда кездесетін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып құқықтық мағлұмат беріп, білімдерді дағдыландырып…

Read More

Жастар ресурстық орталығында семинар өтті

Ағымдағы жылдың 14 қазан күні Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында үкіметтік емес ұйымдармен тәжірибе алмасу мақсатында семинар өткізілді.Семинарды «Шымкент облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ төрағасы Арзыханов Юсуп Арзыханов Рустамұлы жүргізді.Юсуп Рустамұлы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс байқауына қатысу ережелері жайлы, электрондық сандық кілт (ЭСК) алу жайлы, электрондық сандық кілтті мемлекеттік сатып алу порталына тіркеу, әлеуметтік жобаларға құжаттарды жүктеу, конкурстық құжаттаманың құрылымы, конкурстық құжаттаманың қосымшалары, конкурсқа әлеуметтік жобаны тапсыру және конкурсқа қатысуға байланысты талаптар, ҮЕҰ-ды критерийлеріне қарай…

Read More

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Шиелі қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында ағымдағы жылдың 08 қазан күні Шиелі индустриалды техникалық колледжі және Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының 1 қабатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі, «Әділет» құқықтық қызмет көрсету орталығының жетекшісі, Заң консультанты Дәулет Ізбасарұлының қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізілді.Қоғамдық қабылдау барысында аудан тұрғындары мен жастарына заңгер Дәулет Ізбасарұлына өздеріне қажетті сауалдарын қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметкерлерге пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі туралы ақпараттар алды.Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және…

Read More

Құқықтық сана және мәдениет

Ағымдағы жылдың 08 қазан күні Шиелі қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында Г.Н.Ковтунов атындағы №252 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында және №45 Ақ орда мектеп-гимназиясының мәжіліс залында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, заңгер Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызының қатысуымен «Құқықтық сана және мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Заңгер Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы баяндама жасап, болашағы мол жастарымызды қоғамымызда кездесетін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беріп, білімдерді дағдыландырып, жеке тұлға ретінде қалыптасып, еркін…

Read More