СОТ ЖҮЙЕСІ. КЕШЕ. БҮГІН. ЕРТЕҢ.

Сот жүйесінің тәуелсіздігі қағидаттарының негізгі кепілдіктері еміздің Конституциясында көрініс тапқан. Осының негізінде Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Өткенге көз жүгірстек, 1991 жылы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағаннан кейін басталған саяси, әлеуметтік және экономикалық қайта құру процесі негізінде елімізде ұлттық құқықтық жүйе қалыптасып, сот жүйесінің реформасы жүргізілді. Егеменді елдің сот саласында түбегейлі өзгерістер орын алып, мемлекеттік биліктің дербес тармағы – соттың іргетасы қаланды. Сол уақыттан басталған реформа кезең-кезеңімен заң-ережелер, бағдарламалар, халықаралық тәжірибе және сарапшылардың талқылауымен жетілдіріліп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезінде жасаған баяндамасында сот төрелігінің…

Read More

Сот кабинеті сервисін қолдану және оның тиімділігі жайлы

Қазақстан судьяларының VI съезінде қойылған сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттерді орындау мақсатында Жоғарғы сот «Сот кабинеті» электронды форматын әзірледі. Бұл «кабинет» – сот құрылымында қолға алынған заманауи технологияның бірі. Электронды формат ең алдымен халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр. Осы «кабинет» арқылы сотқа электронды түрде талап қою, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжатты қадағалап отыруға болады. Сот кабинетінің мақсаты – азаматтар мен уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүм­кіндіктерін,…

Read More

Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру

Мемлекеттік қызмет-мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биликтің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызмет. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру осы әлеуметтік институттың тиімді қызмет етуіне және дамуына қажетті жағдай, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметтерінің және мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған жағдай болып табылады. Осы уақытта мемлекет мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру қажеттілігіне қатысты мәселелерге үлкен назар аударып отыр. Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету үлкен қателік.Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз өзіне жоғары талап қоя…

Read More

Аудандық және оған теңестірілген соттарды іс қағаздарын жүргізу қағидасына сәйкес, құжаттарды қабылдау мен тіркеу тәртібі. Электрондық құжаттарды тіркеу.

Бүгінгі күнге дейін соттардың дербестігін күшейту бағытында бірқатар істер атқарылып, заман талабына сай заңдар қабылданды, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттарды іс қағаздарын жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізіліп электрондық сипатта іс қағаздарын тіркеу және жүйелендірілген программаға тіркеліп ендірілу енгізілді.Яғни, аудандық және оған теңестірілген соттарды іс қағаздарын жүргізу қағидасына сәйкес, құжаттарды қабылдау мен тіркеу тәртібі яғни сотқа түсетін хат-хабарларды кеңсе қызметкерлері қолын қойып, алынған күні, уақыты, оны алған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіліп, қабылданады.          Арыз (шағым) жеке берілген кезде сот кеңсесінің қызметкері арызданушыға арызды (шағымды) тіркеу туралы талонды толтыруды ұсынады, онда сот…

Read More

Отбасыларға арналған семинар-тренинг өтті

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 21 маусым күні Сол жағалау, ҮЕҰ-дың ресурстық орталығында экономика ғылымдарының кандидаты, тренер Тажиева Зейнар Достанқызымен отбасыларға арналған семинар-тренинг өткізілді. Тренер Тажиева Зейнар Достанқызы жанұя берекесін, құндылықтарын сақтау, бала тербиесі, қоғам алдындағы жауапкершілік жайында отбасыларға бағыт бағдар берді. Тренер семинар-тренингті еркін форматта жүргізіп, отбасыларға отбасы туралы көптеген тың ақпараттар беріп, сергіту сәтінде қызықты ойындар ұйымдастырды. Жанұялық өмірде кездесетін қиындықтарды бірлесе жеңу керектігін атап өтті. Отбасындағы татулық, сыйластықты сақтау жөнінде кеңестерін айтып, тұшымды ой-пікірлермен бөлісті. Жастар арасында отбасылық құндылықтарды…

Read More

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ақпараттық жобалары

         Прокуратура органдары Мемлекет басшысының құқық қорғау органдарының күнделікті қызметіне озық цифрлық технологияларды енгізу туралы тапсырмасын орындау жұмысын ерекше жауапкершілікпен жүргізуде, бұл ретте негізгі рөл Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің әлеуетін пайдалануға жүктеледі. Бүгінгі таңда Комитет азаматтардың өтініштері, сот шешімдері, қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер бойынша есептерді жүргізеді. Барлығы 23 есеп нысаны және 24 арнайы есепке алу түрі қолданылады.          Айта кететін жайт, инновациялық цифрлық жобаларды енгізудің оң нәтижесі ретінде құқық қорғау қызметінің тиімділігін арта түсті. Осы жобалардың функционалын жетілдіру бойынша қабылданған шаралар елдегі заңдылықтың жай-күйіне елеулі…

Read More

Қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталған кездесу

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 19 маусым күні Әскери техникалық мектептің мәжіліс залында қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталған кездесу өткізілді. Кездесуді Ауған соғысының ардагері, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймаханов Қайраддин Әлібайұлы жүргізді. Кездесу барысында жастарды өз Отанын сүйетін, өз жерінің, елінің иесі бола алатын жастардың бойында патриоттық сезімді ұялатып, азаматтық белсенділікті арттыру, өскелең жас ұрпақты Отанды қастерлеу мен ардақтауға, халқының мүдде-мақсатын қорғауға, Қазақстан халқының достығын сақтауға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу масатында насихат жүргізді. Шара…

Read More

Акция өткізхіл

Шиелі қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында ү.ж. 19 маусым күні сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағыты бойынша акция өткізілді. Акция барысында Шиелі ауданының базарларында, «Altair» сауда орталығында, авто тұрақтарда, «Evrika», «Technodom» техникалық сауда орталықтарында, халық көп шоғырланатын орындарға, сыбайлас жемқорлық көріністері көп орын алған жерлерге 100 дана ақпараттық жадынамалар таратылды.

Read More

«ХҚО»мобильдік қосымшасы

Өз уақытыңызды үнемдеу өз қолыңызда! Ол үшін «ХҚО» мобильді қосымшасы жүктеп алсаңыз болғаны. Ұялы телефоныңыздан «ХҚО» мобильдік қосымшасын Play Market немесе App stor арқылы жүктеуге болады. Әп-сәтте «Цонды» қалтаңызға салып ала қоясыз! Ең бастысы кез келген уақытта, кез келген жерде осы қосымша арқылы мемлекеттік қызмет алуға жүгінуге мүмкіндігіңіз болады. «ХҚО»қосымшасы арқылы алынатын қызметтер қатары тек қана анықтамалармен шектелмек емес, күн сайын жаңа қызметтер легі қосылуда.Қосымша арқылы танымал қызметтер де бүгінгі күні қолжетімді. Аталмыш қосымша арқылы электронды санды қолтаңба /ЭСҚ/ алу тіпті оңай әрі тез, ол үшін қосымшаға кіріп, «бейне қызметі»…

Read More

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ ҮЕҰ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қызылорда облысының ҮЕҰ ресурстық орталығы және «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен ҚР ІІ министрлігі Қызылорда облысы бойынша Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Полиция полковнигі Амитов Шамшидин Егенбердіұлының үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі өтті. Еркін ой-пікір форматында өткен кездесуде Шамшидин Егенбердіұлы өзінің қызмет барысымен таныстырып, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес, әкімшілік жазаларды орындау туралы айтып өтіп, ҮЕҰ өкілдерінің Заң аясында қойған сұрақтарына жауаптарын берді.

Read More