Қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталған кездесу

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 19 маусым күні Әскери техникалық мектептің мәжіліс залында қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталған кездесу өткізілді.

Кездесуді Ауған соғысының ардагері, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймаханов Қайраддин Әлібайұлы жүргізді. Кездесу барысында жастарды өз Отанын сүйетін, өз жерінің, елінің иесі бола алатын жастардың бойында патриоттық сезімді ұялатып, азаматтық белсенділікті арттыру, өскелең жас ұрпақты Отанды қастерлеу мен ардақтауға, халқының мүдде-мақсатын қорғауға, Қазақстан халқының достығын сақтауға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу масатында насихат жүргізді.

Шара соңында жастардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, пікірлер айтылды.

Related posts