Өз уақытыңызды үнемдеу өз қолыңызда! Ол үшін «ХҚО» мобильді қосымшасы жүктеп алсаңыз болғаны.
Ұялы телефоныңыздан «ХҚО» мобильдік қосымшасын Play Market немесе App stor арқылы жүктеуге болады. Әп-сәтте «Цонды» қалтаңызға салып ала қоясыз! Ең бастысы кез келген уақытта, кез келген жерде осы қосымша арқылы мемлекеттік қызмет алуға жүгінуге мүмкіндігіңіз болады. «ХҚО»қосымшасы арқылы алынатын қызметтер қатары тек қана анықтамалармен шектелмек емес, күн сайын жаңа қызметтер легі қосылуда.Қосымша арқылы танымал қызметтер де бүгінгі күні қолжетімді.
Аталмыш қосымша арқылы электронды санды қолтаңба /ЭСҚ/ алу тіпті оңай әрі тез, ол үшін қосымшаға кіріп, «бейне қызметі» батырмасын басу қажет, одан әрі операторға қосылып, өтінімге қол қою үшін хабарлама арқылы арқылы келген код пен жеке куәліктегі ақпаратыңызбен бөліссеңіз болғаны.
«ХҚО»қосымшасын жүктеп, жылдам қызмет алып дағдыланыңыз!