Отбасыларға арналған семинар-тренинг өтті

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 21 маусым күні Сол жағалау, ҮЕҰ-дың ресурстық орталығында экономика ғылымдарының кандидаты, тренер Тажиева Зейнар Достанқызымен отбасыларға арналған семинар-тренинг өткізілді.

Тренер Тажиева Зейнар Достанқызы жанұя берекесін, құндылықтарын сақтау, бала тербиесі, қоғам алдындағы жауапкершілік жайында отбасыларға бағыт бағдар берді.

Тренер семинар-тренингті еркін форматта жүргізіп, отбасыларға отбасы туралы көптеген тың ақпараттар беріп, сергіту сәтінде қызықты ойындар ұйымдастырды. Жанұялық өмірде кездесетін қиындықтарды бірлесе жеңу керектігін атап өтті. Отбасындағы татулық, сыйластықты сақтау жөнінде кеңестерін айтып, тұшымды ой-пікірлермен бөлісті.

Жастар арасында отбасылық құндылықтарды түсіндіру, отбасындағы жанжалды жағдайларды, өмірдегі түрлі отбасылық мәселелерді шеше білуін саралау мақсатында түрлі сұрақтарға жауап беріп, психологиялық практикалық тапсырмалар орындады.

Related posts