Кездесу өтті

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 31 тамыз күні Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 32 жыл толуына орай «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің облыс бойынша төрағасы Әбіш Сәбит Ыдырысұлымен кездесу өткізілді. Кездесуді ҮЕҰ-дардың ресурстық орталығының басшысы Ахметова Айшолпан Тұрсынбековна жүргізді. Шара кезінде Семей полигонында жасалған сынақтар нәтижесінде өмірден өткен азаматтардың рухына арнап 1 минут үнсіздік жариялап еске алды. Кездесуде Сәбит Ыдырысұлы Семей ядролық сынақ полигоны кезіндегі болған жағдайларды, қиындықтарды, батырларымыздың…

Read More

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы мен «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп ү.ж. 28 тамыз күні сағат 10.00-де  «Талсуат ауылдық округінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбын түсіндіру мақсатында сұхбат алаңы өткізілді. Негізгі мақсаты: мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аблаева Айда Бекболатовна мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен жалпы ұлттық негізде…

Read More

Дөңгелек үстел өткізді

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сыздықов Жәнібек Шәкімбайұлы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде Жәнібек Шәкімбайұлы экономиканың және халықтың автомобильмен тасымалдауға және өзге де жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге деген мұқтаждықты қамтамасыз ету,  автомобиль көлігінің инфрақұрылымын одан әрі дамыту, облыстық автомобильмен тасымалдау нарығында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігі үшін жағдайлар жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталып, оның ішінде ҮЕҰ өкілдеріне жан-жақты мағлұмат беріп, қойған сұрақтарына…

Read More

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында көп бейінді облыстық ауруханасының мәжіліс залында сұхбат алаңы өткізілді

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 22 тамыз күні сағат 10.00-де  Көп бейінді облыстық ауруханасының мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында сұхбат алаңы өткізілді. Негізгі мақсаты: тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Шара барысында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тағыда басқа бірқатар мәселелер туралы түсіндіріліп ақпараттар берілді. Шараға спикер ретінде КР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің…

Read More

Шиелі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында акция өткізілді

21 тамыз күні Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік тапсырысына сәйкес СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ  қалыптастыру жобасы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ»  тақырыбында акция  өткізілді. Шараның мақсаты: Аудан тұрғындары арасында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша түсіндіру. Акция барысында Шиелі ауданының сауда орталықтарында, авто тұрақтарда, халық көп шоғырланатын орындарға, сыбайлас жемқорлық көріністері көп орын алған жерлерге 100 дана ақпараттық стикерлер таратылды.

Read More

Шиелі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қоғамдық қабылдау өткізілді

21 тамыз күні Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік тапсырысына сәйкес СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ қалыптастыру жобасы аясында Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасында және халыққа қызмет көрсету орталығында «ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМҒА ҚАДАМ» тақырыбында қоғамдық қабылдау өткізілді. Шараның мақсаты: Аудан тұрғындары арасында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша түсіндіру. Шараға 50-ге жуық аудан тұрғындары, жастар, аурухана қызметкерлері қатыстырылды.

Read More

БАЛА МАССАЖЫНАН МАСТЕР-КЛАСС ӨТКІЗІЛДІ

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 17 тамыз күні Сол жағалау 5а, ҮЕҰ-дың ресурстық орталығында қыз-келіншектерге, аналарға арналған «Бала саулығы-ұлт болашағы» тақырыбында бала денсаулығына арналған кеңес беру, массаж түрлерін үйрету мақсатында шеберлік сағатын өткізілді. Арнайы сертификатталған бала массажы маманы Опабекова Туғанай Жүрсінқызының қатысуымен өткізілді. Шеберлік сағатында білікті маманы нәрестеге жасалатын массаж түрлерін, балаларға қойылған диагноз бойынша массаж түрлерін үйретті. Бала күтіміне қатысты жас аналар ескеруі керек кеңестер берді. Нәресте күтіміне ерекше көңіл бөлу керектігін соның ішінде, нәрестені шомылдыру және дене тазалығы, нәресте тамағы, баланы…

Read More

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысыүкіметтік емес ұйым өкілдерімен дөңгелек үстел өкізді

Қызылорда облысының ҮЕҰ ресурстық орталығы мен «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының бірлесіп ұйымдастыруымен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ысқақов Олжас Ермекұлы және Ана мен бала денсаулығын корғау мәселелері жөніндегі орынбасары үкіметтік емес ұйым өкілдерімен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде  Олжас Ермекұлы аймағымыздағы халықтың денсаулығын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталып, ҮЕҰ өкілдеріне жан-жақты мағлұмат берді.  Сондай-ақ, қосымша ұсыныс-пікірлер ортаға салынып, тиісті сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

Read More

ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ АРНАЙЫ ШАРА ӨТКІЗІЛДІ.

Облыстық дін істері басқармасының «Облыстық қылмыстық атқару департаментіне қарасты түзету мекемелеріндегі дәстүрлі емес діни ағымдар жетегіне кеткен азаматтарды қоғамға бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы бойынша ү.ж 10 тамыз күні Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жөніндегі департаментінің №68 мекемесінде Ұлы Абайдың туған күніне орай «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» тақырыбында ақынның шығармаларын (қара сөздері, өлеңдері) мәнерлеп оқудан жарыс ұйымдастырылып, өткізілді. Сайысқа қатысушыларға түзеу мекемесінің келісімімен құран кітаптар, құрмалар және тарлан карта сыйға берілді. Шараға түзеу мекемесінде 6 жазасын өтеушілер қатыстырылды. Шараға №68 мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, әділет полковнигі Зиябеков Жәнібек…

Read More

Пневматикалық мылтықтан оқ ату спорттық сайысы өтті

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж. 04 тамыз күні Әскери техникалық мектепте ерлігімен елге танылған алдыңғы буын ардагерлер арасында пневматикалық мылтықтан оқ ату спорттық сайысы өткізілді. Батырларға құрмет көрсетіп, ерліктерін насихаттау арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған бұл шараға ҮЕҰ-дың ардагерлер өкілдері, оның ішіндегі «Невада-Семей» қозғалысы филиалының өкілдері, «Ауғанстан соғысының ардагерлері ұйымы» және қалалық «Чернобыль» ұйымының өкілдері белсене қатысты. Сайыс жеңімпаздарына дипломдар мен жүлделі сыйлықтар, алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.

Read More