Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 31 тамыз күні Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 32 жыл толуына орай «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің облыс бойынша төрағасы Әбіш Сәбит Ыдырысұлымен кездесу өткізілді.
Кездесуді ҮЕҰ-дардың ресурстық орталығының басшысы Ахметова Айшолпан Тұрсынбековна жүргізді.


Шара кезінде Семей полигонында жасалған сынақтар нәтижесінде өмірден өткен азаматтардың рухына арнап 1 минут үнсіздік жариялап еске алды. Кездесуде Сәбит Ыдырысұлы Семей ядролық сынақ полигоны кезіндегі болған жағдайларды, қиындықтарды, батырларымыздың ерен еңбегін айтып, сөз қозғады.
Шара соңында Семей полигонынының ардагері Әбіш Сәбит Ыдырысұлына гүлшоғы табысталып, жиынға қатысушылар жылы лебіздерін, алғыстарын білдірді.