Қызылорда облысының ҮЕҰ ресурстық орталығы мен «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының бірлесіп ұйымдастыруымен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ысқақов Олжас Ермекұлы және Ана мен бала денсаулығын корғау мәселелері жөніндегі орынбасары үкіметтік емес ұйым өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде Олжас Ермекұлы аймағымыздағы халықтың денсаулығын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталып, ҮЕҰ өкілдеріне жан-жақты мағлұмат берді.
Сондай-ақ, қосымша ұсыныс-пікірлер ортаға салынып, тиісті сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

