Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 17 тамыз күні Сол жағалау 5а, ҮЕҰ-дың ресурстық орталығында қыз-келіншектерге, аналарға арналған «Бала саулығы-ұлт болашағы» тақырыбында бала денсаулығына арналған кеңес беру, массаж түрлерін үйрету мақсатында шеберлік сағатын өткізілді. Арнайы сертификатталған бала массажы маманы Опабекова Туғанай Жүрсінқызының қатысуымен өткізілді.
Шеберлік сағатында білікті маманы нәрестеге жасалатын массаж түрлерін, балаларға қойылған диагноз бойынша массаж түрлерін үйретті. Бала күтіміне қатысты жас аналар ескеруі керек кеңестер берді. Нәресте күтіміне ерекше көңіл бөлу керектігін соның ішінде, нәрестені шомылдыру және дене тазалығы, нәресте тамағы, баланы емізу ережелері және осы сында аналарға өте қажет болатын пайдалы кеңестер айта өтті.
Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, пікір алмасты.


