Облыстық дін істері басқармасының «Облыстық қылмыстық атқару департаментіне қарасты түзету мекемелеріндегі дәстүрлі емес діни ағымдар жетегіне кеткен азаматтарды қоғамға бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы бойынша ү.ж 10 тамыз күні Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жөніндегі департаментінің №68 мекемесінде Ұлы Абайдың туған күніне орай «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» тақырыбында ақынның шығармаларын (қара сөздері, өлеңдері) мәнерлеп оқудан жарыс ұйымдастырылып, өткізілді.
Сайысқа қатысушыларға түзеу мекемесінің келісімімен құран кітаптар, құрмалар және тарлан карта сыйға берілді. Шараға түзеу мекемесінде 6 жазасын өтеушілер қатыстырылды.
Шараға №68 мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, әділет полковнигі Зиябеков Жәнібек Мелдебекович, №68 мекемесінің арнайы контингенттер арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлім бастығы, әділет капитаны Романкулов Ерлан Бегімұлы, РАТТ және АТТ мүшесі, салт-дәстүр зерттеуші, «Сыр дидары» газетінің редакторы, ДМЗО маманы Алдашбаев Сәкен Мінуарұлы және №68 мекемесінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты, мекеме теологы Рузиев Рашид қатысты.


