Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сыздықов Жәнібек Шәкімбайұлы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде Жәнібек Шәкімбайұлы экономиканың және халықтың автомобильмен тасымалдауға және өзге де жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге деген мұқтаждықты қамтамасыз ету, автомобиль көлігінің инфрақұрылымын одан әрі дамыту, облыстық автомобильмен тасымалдау нарығында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігі үшін жағдайлар жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталып, оның ішінде ҮЕҰ өкілдеріне жан-жақты мағлұмат беріп, қойған сұрақтарына жауап берді.

