Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы  атқарылған жұмыстардың қысқаша мәліметі туралы

 Ағымдағы жылдың осы мерзіміне дейін мекеме мамандарымен жазасын толық өтеп шыққан және пробация қызметінің есебінде тұратын 462 азаматқа құқықтық, психологиялық көмек көрсетілді, оның 433–і пробация қызметінің есебінде тұрса, 29-ы жазасын толық өтеген азаматтар. Жалпы жұмыспен қамтылғаны – 116 адам. Оның ішінде Enbek. Kz электронды биржасы арқылы -20 адам, 50-і квота бойынша , күміс жас -1, жастар практикасымен -1 адам, ақылы қоғамдық жұмыспен- 22 адам, әлеуметтік жұмысқа-3, қайтарымсыз грант 19 адам. Сонымен қатар құжаттарын рәсімдеу бойынша- 25 азаматқа көмек көрсетілді.  Оның ішінде: 13 азаматқа жеке куәлік  алуға12  азаматқа тұрғылықты мекен-жайы бойынша…

Read More

Тіл мерейі, ел мерейі

Мемлекеттік  тіл елдікдің алтын тұтқасы. Халық тілімен бойындағы бар асылды ұрпағына жеткізеді. Қай уақытта болмасын тіл елдің қазынасы болған әрі бола да бермек. Тілінің қадіріне жете білмеген халқының қамын қамдай қоймас. Мемлекеттік тіліміз ғажап, естіген жанды елітер, бойды баурап алар сыйқыры бар әсемдігі тағы бар. Елбасымыз тарих толқынында атты кітабында «дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат қымбат не бар екен? …

Read More

Әлеуметтік сала қызметкерлері күні

Құрметті әріптестер! Сіздерді  «Әлеуметтік сала қызметкерлері күні» кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Адами ізгі қасиеттерді талап ететін салмағы ауыр да қиын салада қоғамның әлсіз топ өкілдеріне барынша көмек қолын созып, жүрек жылуын ұсынып, өмірлік қиын жағдайға душар болған азаматтарға қажетті қолдау беріп, еңсесін тіктеуде оларға болашаққа деген үміт сыйлап халық пен мемлекет арасындағы алтын көпірдей болған  әлеуметтік сала қызметкерлері өз міндеттеріңізді жауапкершілікпен орындап жүрсіздер. Әлеуметтік салада әртүрлі мамандық иелері жұмыс жасап жүргенімен, оларды біріктіретін ортақ нәрсе – жүрек жылуы. Расында, қоғамымыздың, өміріміздің тұрақтылығы мен әл-ауқаты көп жағдайда халықтың әлеуметтік қорғалу…

Read More

Тіл тағдыры — өз тағдырың

Әрбіз азамат өзіңнің ана тіліне қамқоршы, қолдаушы боуы шарт. Өйткені өз тілі әрбір жанның руханияты, болмысы, биіктігі болып қала бермек. Қазақ тілі де әрбіз қазақ үшін, қала берді қазақстандық үшін қастерлі ұғым. Тіл тазалығы ұлттың ғана емес, мемлекеттің де тағдыры екенін ұмытпауымыз тиіс. Заңымызда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi деп көрсетілген соң баршамызға ортақ құндылық.Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi деп тайға таңба басқандай етіп көрсеткен. Қазақстан…

Read More

Шарықтайды еркін қырандай

Қазақтың тілі құт, байлығы береке, шуағы шаттық. Шұрайлы тілдің шарықтай беруі содан. Тіл-қай елде болмасын қастерлі, құдіретті, рухани және тарихи құндылығы. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары дейміз масаттана. Тіл-өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат екені анық деседі тіл мамандары.Иа, расында қазақ тілінің өсуіне, өркендеуіне ешкімнің, ешқашанда кедергі келтіруіне қақысы жоқ. Ол Заңмен қорғалған. Мәселен Тіл туралы Заңның 7-бабында: «Тiлдердiң қолданылуына кедергi келтiруге жол бермеу Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi» деп тайға таңба басқандай…

Read More

Есірткісіз бақытты, жарқын болашақ!

ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ҮНДЕУ Мен, Құрманғалиұлы Дәуір, Қызылорда қаласы, Мәншүк Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2-курс студентімін. «Есірткісіз бақытты, жарқын болашақ» атты балалар және жасөспірімдер арасындағы есірткі тұтыну және таратуға қарсы болуын қолдау үшін өз үндеуімді жолдаймын. Құрметті, жас достар! Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады.   Нашақорлық — бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер.  Есті алатын есірткі заттарына тәуелділік талай жанның тағдырын талқан еткенін өмірден көріп, біліп жүрміз. Есірткіге әуестенген бір адамның зауалы бүкіл отбасына, жақындарына теріс әсер етіп, қайғыға батырады.…

Read More

Ардагер азаматтар арасында турнир өтті

Бүгін облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра — Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ардагер азаматтар арасында тастаяқ турнирі өткізілді. Батырларға құрмет көрсетіп, ерлігін елге насихаттау арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ерлігімен елге танылған алдыңғы буын ардагерлер арасында ұйымдастырылған сайысқа 20-ға жуық ардагер қатысты. Шаршы тақтада шар қуғандар арасында ҮЕҰ-дың ардагерлер өкілдері, Ардагерлер одағының «Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің, Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава Келісімшарты әскерінің тобы ардагерлері (ГКӘТ, ВКӘТ)» РҚБ облыстық филиалының, «Қызылорда…

Read More

Енді мамандандырылған ХҚО-ларда теориялық емтиханды Мемлекеттік корпорация қызметкерлері қабылдайды

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында теориялық емтихан тапсырудың жаңа ережелері енгізілді. Енді емтихан қабылдаудағы ұйымдастырушылық-технологиялық процестерін Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады. Бұрын мұны аутсорсингтік компаниялар жасайтын еді. Бұл жаңашылдық «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандандырылған ХҚО-ларда клиенттердің сапасыз қызмет көрсету туралы шағымдарның жиі түсуімен байланысты. Осындай келеңсіздіктерді жою үшін Мемлекеттік корпорация тестілеу үдерісін дербес ұйымдастыруға шешім қабылдады. Осылайша, тестілеудің сапасы ғана емес, қауіпсіздігі де артады. Бұл ретте, бұрын теориялық тестілеу Жол қозғалысы ережелері 2.0 жүйесі арқылы жүргізілгенін атап өтеміз. 16 қазаннан бастап Мемлекеттік корпорация жол қозғалысы ережесінің жаңа 3.0 жүйесіне көшті. Оның арқасында…

Read More