Есірткісіз бақытты, жарқын болашақ!

ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ҮНДЕУ

Мен, Құрманғалиұлы Дәуір, Қызылорда қаласы, Мәншүк Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2-курс студентімін. «Есірткісіз бақытты, жарқын болашақ» атты балалар және жасөспірімдер арасындағы есірткі тұтыну және таратуға қарсы болуын қолдау үшін өз үндеуімді жолдаймын.

Құрметті, жас достар!

Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады.  

Нашақорлық — бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер.  Есті алатын есірткі заттарына тәуелділік талай жанның тағдырын талқан еткенін өмірден көріп, біліп жүрміз. Есірткіге әуестенген бір адамның зауалы бүкіл отбасына, жақындарына теріс әсер етіп, қайғыға батырады. Шындығында, есірткіні тұрақты түрде қолдану көп қаржыны қажет етеді.Қолында қаражаты жоқ адамның алдымен өз отбасындағы құнды заттарды саудалап, кейіннен ұрлыққа, қылмысқа жетелейтінін көріп жүрміз.

Нашақорлықтың соңы- ауыр науқас, темір тор.

Сондықтан жас дос, қазіргі уайым-қайғысыз, бақытты өміріңді бағалай біл!

Есірткіге жақындадыңба, бар бақытыңнан, байлығыңнан, ар- намысыңнан айырылдым дей бер.

Біздің ұранымыз: «Нашақорлыққа жол жоқ!»

Барлық жастарды нашақорлық дертінен аулақ болуға « есірткі » деген қасірет әкелер нәрседен қашық болуға шақырамын!

Біздің таңдауымыз:   «Есірткісіз бақытты, жарқын болашақ!»

Құрманғалиұлы Дәуір
Қызылорда қаласы, М. Мәметова атындағы
педагогикалық жоғары колледжінің 2-курс студенті.

Related posts