Қазақтың тілі құт, байлығы береке, шуағы шаттық. Шұрайлы тілдің шарықтай беруі содан. Тіл-қай елде болмасын қастерлі, құдіретті, рухани және тарихи құндылығы. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары дейміз масаттана. Тіл-өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат екені анық деседі тіл мамандары.
Иа, расында қазақ тілінің өсуіне, өркендеуіне ешкімнің, ешқашанда кедергі келтіруіне қақысы жоқ. Ол Заңмен қорғалған. Мәселен Тіл туралы Заңның 7-бабында: «Тiлдердiң қолданылуына кедергi келтiруге жол бермеу Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi» деп тайға таңба басқандай көрсеткен. Сонымен қатар өзге де тілдердің тағдырына балта шаппайды. Бұл зайырлылық, теңқұқықтық тулыбайрақ Заңда былай айтылады:
-Қазақстанда мемлекеттiк тiлдiң және басқа да тiлдердiң қолданылуына және оларды үйренуге кедергi келтiретiн лауазымды адамдардың iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Сондықтан елімізіде қазақ тілінің мәртебесі биік әрі өзге де тілдір қастерлі, қасиетті, қорғауға алынған. Ешкім де өзге тілдерді де кемісіте алмайды әрі тілдердің таралуына кедергі жасамайды. Тіл ұлттың жаны десек, еліміз үшін әр ұлттың болмысы байланған тілдер шарықтай береді.
Қ. Наурызбай
Қызылорда облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман сот отырысынын хатшысы