СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 18 қазан күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында халық көп шоғырланатын орын «Aray City Mall» сауда орталығында акция ұйымдастырылды.⚜️Акция барысында қала тұрғындарына құзырлы органдардың сенім телефондары көрсетілген ақпараттық стикерлер таратылды.⚜️Сонымен қатар, қала тұрғындарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жемқорлықтың көріністері орын алған жағдайда қандай шаралар қолдану керектігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Read More

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы азаматтық қоғамның рөлі

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 22 қазан күні «Достық үйі» ғимаратының мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Жанар Жалғасбайқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, комплаенс офицері Жаппасбаев Алибек Бақытжанұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы мен этномәдени бірлестік мүшелері және…

Read More

Кеңшілік Тышқанұлымен бірқатар кездесу өтті

⚜️Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл мұра — Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен РАТТ (республикалық ақпараттық-түсіндіру топ) мүшесі Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы, теолог Кеңшілік Тышқанұлы аудан тұрғындары, жастар және дін қызметкерлерімен кездесулер өткізді.⚜️Шаралар барысында Кеңшілік Тышханұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм турасында сөз қозғап, кездесуге қатысушыларға біздің рухани құндылықтарымыз – дініміз бен дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы. Сондықтан дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі екенін…

Read More

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС, АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АЯСЫНДА ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ЖҮРГІЗУ

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 16 қазан күні Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басымдыққа ие саясат» тақырыбында полиция органдары қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуге ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Айнұр Болат, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, комплаенс офицері Жаппасбаев Алибек Бақытжанұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева…

Read More

Сыбайлас жемқорлық-қоғам дамуының кедергісі

Сыбайлас жемқорлық-қоғам дамуының кедергісіҚызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 23 қазан күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дамуының кедергісі» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді.Негізгі мақсаты: жастар арасында құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.Қазақстан Республикасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің, (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы,мемлекеттік қайраткерлер мен құрметті мемлекеттік қызметкерлер арасынан құрылған спикерлер пулының мүшесі Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы жастарға құқықтық…

Read More

Әлеуметтік желідегі діни сипаттағы ақпаратты қордалау және оны тарату қауіпі

⚜️Шиелі қоғамдық даму бөлімінің «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 11 қазан күні РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен «Әлеуметтік желідегі діни сипаттағы ақпаратты қордалау және оны тарату қауіпі» тақырыбында Шиелі ауданы жастарымен кездесу өткізілді.⚜️Кездесуді Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Есенбаев Кенжехан Шахизатұлы ашып, сөз кезегін Бақтияр Есенгелдіұлына берді.⚜️Кездесу барысында Бақтияр Есенгелдіұлы әлеуметтік желінің зияны, ұлттық құндылықтар мен тәлім-тәрбие, интернетті дұрыс пайдалану, теріс ағымдардан сақтану жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.⚜️Шара соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жан-жақты жауаптар алды.

Read More

Діни ақпарат алу және таратудың сауаттылығы

⚜️Шиелі қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 10 қазан күні РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен Шиелі ауданының дін қызметкерлерімен «Діни ақпарат алу және таратудың сауаттылығы» тақырыбында семинар өткізілді.⚜️Семинарды Шиелі аудандық орталық мешітінің бас имамы Қожанов Рахат Серікбайұлы ашып, сөз кезегін Бақтияр Есенгелдіұлына берді.⚜️Бақтияр Есенгелдіұлы жат діни ағымдарға қарсы рухани иммунитет қалыптастырудың маңыздылығы, қазіргі таңда халықтың құқықтық және дінтанулық сауаттылығын көтеру арқылы дін атын жамылған деструктивті және экстремистік идеологияға қарсы көзқарас қалыптастыруға…

Read More

Жат ағымдардан сақтану және жастар арасында киберқауіпсіздік

⚜️Шиелі қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 10 қазан күні РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен Шиелі ауданы бойынша мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, тарих дәне дінтану пәні мұғалімдеріне, психолог мамандарына арналған «Жат ағымдардан сақтану және жастар арасында киберқауіпсіздік» тақырыбында семинар өткізілді.⚜️Семинарды Асыл Мұра-Орда қоғамдық қорының жетекшісі Айжан Айтмамбетова ашып, сөз кезегі Бақтияр Есенгелдіұлына берілді.⚜️Бақтияр Есенгелдіұлы жат діни ағымдарға қарсы рухани иммунитет қалыптастырудың маңыздылығы, экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу, ел бірлігі…

Read More

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ БІР КҮНІ

Жастар арасында әскери қызметке деген қызығушылықты күшейту және патриотизмге тәрбиелеу мақсатында Қызылорда қалалық С. Шаухаманов атындағы №9 мектебінің 11 сынып оқушылары және облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жастарына Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімі есігін айқара ашты. Оларды әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Караманов Берік Азаматұлы, қарсы алып әскери бөлімнің тарихы және өзінің жауынгерлік жолы туралы айтып берді. Ашық есік күні – біздің әскери бөлім үшін нағыз мереке. Жастарды офицерлер мен келісімшарт бойынша қызметкерлер, әсіресе сарбаздарымыз жылы қарсы алып, олардың барлық сұрақтарына жауап беруге дайын болды. Әскери бөліміміздің дәстүрлі Ашық есік күніне жиналғандар көп болды.…

Read More

Судьялардың ІХ съезіндегі талқылау нәтижелері туралы

Судья – конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру және өзінің міндеттерін кәсіби негізде атқару құқықтары берілген сот билігін атқарушы.Судьялар съездері – бұл судьялар қауымдастығының сот жүйесін жүзеге асырумен байланысты өзекті мәселелерін ортаға салып талқылап, алдағы стратегиялық міндеттерді айқындайтын маңызды алаң.Республика судьяларының съезі мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірі үшін мәні зор оқиға екені сөзсіз. Бұл осындай съездерде сот жүйесін одан әрі дамыту жолдарын айқындайтын аса маңызды шешімдер қабылданатындығына байланысты.Қазақстанда мұндай съездер төрт жылда бір рет өткізіледі. Съездердің сот жүйесін дамыту үшін ерекше стратегиялық маңызы бар. Олардың әрқайсысында соттардың даму қорытындылары шығарылады және перспективаға…

Read More