Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 16 қазан күні Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басымдыққа ие саясат» тақырыбында полиция органдары қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесуге ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Айнұр Болат, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, комплаенс офицері Жаппасбаев Алибек Бақытжанұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы, Қызылорда ОПД, криминалдық полиция басқармасының киберқылмыстарға қарсы күрес тобының аға жедел уәкілі полиция капитаны Ануарбекұлы Серік және полиция органдары қызметкерлері қатысты.
Шара барысында Алибек Бақытжанұлы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басымдыққа ие саясат» тақырыбында баяндама жасап, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы мен заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы айтып өтті.
Сонымен қатар интернет-алаяқтық және қаржы пирамидалары сияқты қылмыстардың саны күн сайын артып келетіні, Аталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың шегі жоқ екені туралы «Интернет желісі арқылы жасалатын алаяктық қылмыстар» тақырыбында баяндама жасаған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы мен Қызылорда ОПД, криминалдық полиция басқармасының киберқылмыстарға қарсы күрес тобының аға жедел уәкілі полиция капитаны Серік Ануарбекұлы.
Шара соңында қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға нақты жауаптар алынып, іс-шара кезінде айтылған ой мен пікірлерді түйіндей келе, ел ертеңі үшін адал еңбек ету және өзгерісті өзіңнен бастау қажеттілігі деген оймен қорытындыланды.