СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 18 қазан күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында халық көп шоғырланатын орын «Aray City Mall» сауда орталығында акция ұйымдастырылды.
⚜️Акция барысында қала тұрғындарына құзырлы органдардың сенім телефондары көрсетілген ақпараттық стикерлер таратылды.
⚜️Сонымен қатар, қала тұрғындарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жемқорлықтың көріністері орын алған жағдайда қандай шаралар қолдану керектігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Related posts