Судья – конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру және өзінің міндеттерін кәсіби негізде атқару құқықтары берілген сот билігін атқарушы.
Судьялар съездері – бұл судьялар қауымдастығының сот жүйесін жүзеге асырумен байланысты өзекті мәселелерін ортаға салып талқылап, алдағы стратегиялық міндеттерді айқындайтын маңызды алаң.
Республика судьяларының съезі мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірі үшін мәні зор оқиға екені сөзсіз. Бұл осындай съездерде сот жүйесін одан әрі дамыту жолдарын айқындайтын аса маңызды шешімдер қабылданатындығына байланысты.
Қазақстанда мұндай съездер төрт жылда бір рет өткізіледі. Съездердің сот жүйесін дамыту үшін ерекше стратегиялық маңызы бар. Олардың әрқайсысында соттардың даму қорытындылары шығарылады және перспективаға арналған өзекті міндеттер бойынша шешімдер қабылданады.
2020 жылы онлайн режимінде өткен Қазақстан судьяларының соңғы VIII съезінде сотқа әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қысым жасау, судьяларды шешендік өнерге үйрету қажеттілігі, кінәсіздік презумпциясы мәселесі және судьяларды іріктеу процесінің ашықтығы, сияқты тақырыптар талқыланды.
Ағымдағы жылдың қазан айында еліміздің барлық судьялар корпусы үшін маңызды іс -шара Қазақстан Республикасы судьяларының IX съезі өткізілді. Іс-шараға еліміздің барлық аймағынан келген судьялар, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысты.
Қазан айының 4-ші күні өткізілген судьялар IX съезінде:
Келесі жылдың 1 шілдесінен бастап үш кассациялық сотты құру, сот жүйесінің институционалдық дербестігін нығайту, кадрларды іріктеу жүйесін жаңарту;
Сот шешімдеріне кассациялық тәртіппен шағымдану мүмкіндігі, сот ісін оңайлату, оның ішінде инновациялық технологиялар мен жасанды интеллект көмегімен жүргізуді;
Қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттырған және судьялар мен айыптаушыларға қойылатын талаптардың күшеюіне әкелген сот отырыстарының онлайн трансляциясы;
Судьялардың этикалық нормаларды сақтауы, судьялардың мінез-құлқының жоғары стандарттарын бекітетін және қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтатын судьялардың жаңа Судья әдебі кодексін қабылдауды қолдау сияқты мәселелер талқыланды.
Осы жиында мемлекет басшысы сот жүйесіндегі реформаларға оң бағасын берді. Әсіресе, билығы жылы онлайн сот отырыстары өте ұтымды ұйымдастырылып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыра түскенін, сонымен қатар қазақстандық идеалды судьялардың қандай болуы керектігі туралы және де сот мамандарын іріктеуге және олардың біліктілігін арттыруға ерекше назар аудару қажеттігін, Жоғарғы Сот Кеңесі тәуелсіз және кәсіби судьялар корпусын құрудың кепілі болуға тиіс екенін атап өтті.
Б.Абубакирова
Байқоңыр қалалық сотының судьясы