Жат ағымдардан сақтану және жастар арасында киберқауіпсіздік

⚜️Шиелі қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 10 қазан күні РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен Шиелі ауданы бойынша мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, тарих дәне дінтану пәні мұғалімдеріне, психолог мамандарына арналған «Жат ағымдардан сақтану және жастар арасында киберқауіпсіздік» тақырыбында семинар өткізілді.
⚜️Семинарды Асыл Мұра-Орда қоғамдық қорының жетекшісі Айжан Айтмамбетова ашып, сөз кезегі Бақтияр Есенгелдіұлына берілді.
⚜️Бақтияр Есенгелдіұлы жат діни ағымдарға қарсы рухани иммунитет қалыптастырудың маңыздылығы, экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу, ел бірлігі мен тұтастығын нығайтудағы діннің рөлі жөнінде
және жастарға жат ағымдардың ықпалы және одан сақтану, интернетке тәуелділік проблемалары туралы түсіндіріп өтті.
⚜️Семинар барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жан-жақты жауаптар алды және сертификаттар берілді.

Related posts