Интернет алаяқтығынан абайлайық, ағайын!

Е.ҚұтыбаевҚызылорда қаласының №2 сотының судьясы Қазіргі таңда алаяқтық, соның ішінде қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтарының құрығы ұзарып, алдап-арбау әдіс тәсілдері күн санап мың құбылуда. Рас, интернет пен цифрлы технологиялардың кеңінен таралуы жаһандану құрылымын ғана емес, қылмыс әлемінің сипатын, соның ішінде қылмыс түрін түбегейлі өзгертті. Қазір бәріміздің өмірімізде цифрлы технологиялар маңызды рөл атқарады. Олардың көмегімен виртуалды қызметтер мен өнімдерге қол жеткіземіз, белгілі бір тауарларға сұраныста артты. Бүгінде әлеуметтік желілер мен түрлі интернет платформалар тек ақпарат алмасудың емес, сауда-саттықтың негізгі алаңына айналды. Ал компьютерлендірудің салдары соңғы 10 жылдың ішінде қылмыстық құқық бұзушылық…

Read More

Алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің санатын арттыру – халық сенімін арттыру

Ибрашев МейрамбекҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегімамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Кез келген адамның құқын әділ қорғай алу – мемлекеттің міндеті әрі негізгі функцияларының бірі. Осы мақсатты заң аясында орындау үшін шынайы сот төрелігін жүзеге асыруға қашанда ерекше назар аударылады. Ал еліміздің дамуындағы экономикалық, демократиялық жетістіктер мен өске­лең заман талабы сот төрелігін жүр­гізу­де тың үлгілерге жол ашуына мүм­кін­дік берді. Соның бірі ретінде алқа­би­лердің қатысуымен сот ісін жүргізу тәжірибеге еніп, қазіргі таңда оны жетілдіру іске асып жатыр. Алқаби — соттың қылмыстық iстi заңда белгiленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының…

Read More

Сот отырысының хатшысы болу жауапты міндет

Д.КамзаевҚызылорда қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі  мамандандырылағнсотының бас-маман, сот отырысының хатшысы Әрбір саналы адам еңбек істеп өз елінің бір кірпіші болып қалануды мұрат ететіні анық. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің мақсаты биік, міндеті үлкен. Сот отырысының хатшысы болу жауапты міндет екенін айта кету керек. Себебі азаматтарға қатысты істер бойынша  сотқа келіп түскен сәтінен бастап, оның аяқталуына дейінгі атқарылатын жұмыстардың 50-пайызы хатшымен орындалады. Яғни істің тағайындалуы, тараптарға жолдануы, тараптарды сот отырысына қатыстыру үшін хабарлама жіберу, анықтау, сот отырысын ұйымдастыру, тараптар сот отырысына қатыспаған жағдайда анықтау т.б. жұмыстар жатады. Осы абыройлы қызметтің мінсіз болуы…

Read More

Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО-ға кезекті брондаудың жаңа әдісі танымалдыққа ие болуда

Мамандандырылған ХҚО-да емтихан тапсыру үшін кезекке тұруға «ХҚКО» қосымшасы арқылы 8 мыңнан астам өтініш түскен. Енді азаматтарға алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін орталыққа хабарласудың қажеті жоқ. Олар мұны қосымшаның «Бейне қызметі» батырмасы арқылы онлайн жасай алады. Қызметтің арқасында азаматтар уақытын айтарлықтай үнемдей алады. Мәселен, бұған дейін теорияны тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушы мамандандырылған ХҚКО-ға келіп, талон алып, кезекте тұруы, оператордан өтініш беріп, содан кейін ғана емтихан сыныбына өтуі қажет болатын. Енді бұл кезеңдерден өтудің қажеті жоқ. Клиент алдын ала брондалған уақытта теориялық емтиханға тікелей келе алады. Ал теорияны сәтті…

Read More

Дайын құжаттарды алуға арналған постомат

Дайын құжаттарды алуға арналған постоматтар еліміздің тағы 12 ХҚКО-да орнатылдыҚазақстанның тоғыз облысындағы ХҚКО-да дайын құжаттарды беру постоматтары орнатылды, олар 24/7 режимінде жұмыс істейді. Азаматтар постоматтардан өз құжаттарын кез-келген ыңғайлы уақытта, тіпті жұмыстан кейін де ала алады.Бұған дейін бұл пилоттық жоба Астана мен Алматыда енгізілген болатын. Қызмет алушылар постомат арқылы 2 мыңнан астам құжат алды. Енді Мемлекеттік корпорацияның инновациялық жобасы Қызылорда қаласында орнатылды.Айта кетейік, сервис сұранысқа ие қызметтің 11 түрі бойынша қолжетімді. Олардың ішінде баланың тууын тіркеу, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, құжаттарға апостиль қою, құқық белгілейтін құжаттардың телнұсқалары және басқалары бар.Аталған…

Read More

Апостильдеу тәртібі

Ф.Наят,Қызылорда облысыныңқылмыстық істер жөніндегімамандандырылған ауданаралықсотының бас маманы Соттар жыл сайын әртүрлі даулар мен мәселелерге байланысты түрлі шешім қабылдайды. Олардың кейбіреулері біздің елден тыс, яғни шет жерлерде де талап етілуі мүмкін. Қандай да сот актісі ресми құжат мәртебесіне ие болу үшін, яғни ол шет мемлекеттерге жолданар алдында міндетті түрде заңдастырылады, апостиль қойылады. Апостиль – заңдастырудың осындай нысанын танитын елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпаратты толтырудың халықаралық стандартталған нысаны. «Апостиль» мөрі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелеріне қойылады. Апостильденген құжат аттестациялауды немесе заңдастыруды талап етпейді және оны Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттің ресми…

Read More

Апостиль

Жиенбаева P.A.Кызылорда облысынын кәмелетке толмағандардың iстерi жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы «Апостиль» мөртаңбаның кою (кейде бұл рәсiмдi жеңілдетілген заңдастыру немесе апостильдеу деп аталады) 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсiмiн енгiзетiн елдерге құжаттар жолдау кезiнде-апостиль» мөртаңбаның кою қолданылатыны туралы айтылды. Апостиль дегеніміз-бұл құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның қолын, оны растайтын мөр мен мөртаңбаны куәландiратын арнайы мөртаңба болып табылады. Бір жағынан апостильдеу мейiлiнше жылдам және оны тек қана бiр өкілетті орган коюына, ал екiншi жағынан кұжаттың Гаага конвенциясына қосылған барлық аумағында…

Read More

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына алаяқтықпен күресудің жаңа әдістері енгізілді

Мемлекеттік корпорация мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздіксіз күрес жүргізуде. Жүргізуші куәліктеріне теориялық емтихандарды тапсырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін бұған дейін 3.0 ЖЖЕ жүйесі енгізілген болатын. Енді тестілеу процесін шулы электромагниттік жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын технологияның көмегімен де бақылауға болады. Айта кетейік, әрбір үшінші жүргізуші куәлігін алуға үміткер айласын асырып, теорияны микроқұлаққаппен тапсыруға тырысады. Бұл олқылықты болдырмау үшін Мемлекеттік корпорация оларды анықтайтын арнайы детекторлар енгізді. Микроқұлаққаптардың диаметрі 2 миллиметрден аспауы мүмкін, оларды көру мүмкін емес болғандықтан біз жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын жүйе енгіздік. Ол микроқұлаққаптардың бар-жоғын бірден…

Read More

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алумыз қажет

А.АлмасовЖаңақорған аудандық сотыныңбас маманы аға сот пристовы Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу…

Read More

Алаяқтарға арбалып қалмау жолдары

Б.ҚалдыбаевЖаңақорған аудандық сотыныңбас маман-сот отырысының хатшысы Бүгінгі таңда қоғамда сан алуан түрлі қылмыстар белең алып барады. Елімізде етек алып, кең таралған қылмыстың бірі –алаяқтық. Алаяқтық-бөтеннің мүлкін жымқыру, немесе алдау, сондай ақ сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену. Қарапайым сөзбен айтқанда, алаяқтық алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтен мүлікті ұрлау болып табылады. Дәніккеннен құныққан жаман демекші, олар мұны кәсіп көріп, оп-оңай олжа табуды ойластырады. Алаяқтар психологиялық тұрғыда аңқау адамдарды шебер пайдаланып, олардың сеніміне кіріпте алады. Бүгінгі таңда кең таралып жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі интернет арқылы жасалатын алаяқтыққа бергім…

Read More