Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж. 21 мамыр күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің 1 оқу ғимаратында орналасқан “Шоқайтану” орталығында «ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ҒАЛЫМЫ — ШОҚАН УӘЛИХАНОВ» атты Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай танымдық іс – шарасы өтті. Шараға тарих мамандығының бітіруші түлектері, азаматтық қоғам өкілдері, гуманитарлық-педагокикалық институтының дәрісалушылары қатысты.
Гуманитарлық-педогогикалық институтының директоры, доцент Тайман Сағат Тамшыбайұлы кіріспе сөзін Шоқанның ғылыми көзқарастарының қалыптасуына белсенді ықпал еткен ғалымның туған жері, тарихи тамырларымен таныстырды. Және «Уәлиханов және қырғыз эпосы «Манас»» тақырыбына Ш.Уәлихановтың «Манас» туралы сөздері келтірілді: «»Манас» — барлық қырғыз мифтерінің, ертегілерінің, аңыздарының энциклопедиялық жинағы бар, ол бір уақытқа дейін келтіріліп, бір адам – Манас батырымен топтастырылған. Қырғыздардың өмір салты, мінезі, географиясы, діни және медициналық танымы мен халықаралық қатынастары осы үлкен эпоста көрініс тапқандығы айтылды.



Әрі қарай сөз кезегі тарих ғылымдарының докторы Тастанбек Сәтбай Шоқан Уәлихановтың «Жоңғария очерктері» (1861 жыл), «Қырғыздар» (1958 жыл), «Абылай» (1861 жыл), «қырғыз Сібір ведомствосының сот реформасы туралы жазбалары» (1904 жыл), «Қытай империясы мен Құлжа қаласының батыс өлкесі» (1958 жыл) және т. б. Еңбектері туралы сөз қозғады.
Тұңғыш қазақ ғалымының еңбегі әр салада да өз орны бар екендігі айтылды. Ш.Уәлиханов мұрасының Қазақстан халқы үшін баға жетпес мәні бар. 1865 жылы 10 сәуірде Алтынемел жотасының етегіндегі Тезек ауылында қазақтың ұлы ғалымы, жауынгер, қоғам қайраткері Шоқан Уәлихановтың – дала ақсүйектерінің, Грозный Шыңғысханның тікелей ұрпағы, көп қырлы және «көп талантты» тұлғаның қысқа да жарқын өмірі үзілгендігін атап өтті.
Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ой пікірлер айтылды.