Мемлекеттік тіл – менің тілім

Мемлекеттік тіл – мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің ата заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, дана, рухани бай, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақсатан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға, қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.
Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, қоғамнын жан жақты салаларында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында нақты қадамдар жасалуда. Басты мақсат – тілдік мұраны сақтап, қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ тілінің қолданылуын қамтамасыз етіп, оның барынша дамуына қол жеткізу.

А.Рахметбек

Қызылорда қаласының
әкімшілік құқық бұзушылықтар
жөніндегі мамандандырылған
сотының бас маман
сот отырысының хатшысы

Related posts