Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 15 мамыр күні сағат 11.00-де Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бекшин Қуанышбек Махметұлының азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуі өтіп, оларды толғандыратын сұрақтар мен мәселелер талқыланды.
Қуанышбек Махметұлы жыл басынан бері атқарған жұмыстары туралы және бюджеттің кіріс бөлімі, салым және оны өндіру жүйесін ұдайы жетілдіру арқылы салық төлеушілерге сапалы қызмет көрсету, салық базасын нығайту, кедендік әкімшілік бағытындағы бірқатар жұмыстарды үйлестіру бойынша тарқатып айтты.
Сонымен қатар, азаматтық қоғам өкілдері тарапынан автокөлік, тұрғын үй салықтары бойынша және тағыда басқа сұрақтар қойылып, пікір-алмасты.