Тілді қастерлей білу- әр қазақтың міндеті

Қазақтың түннен тұнық, күннен жарық, айдан анық ана тілі қашанда өз биігінде қала бермек. Сөздің құнын білетін, сөзге тоқтаған қазақ әлі бар. «Тіл-ұлттың жаны» деген аксиомаға айналған тіркестің мағынасы терең. Әрбір адам тілді кеудесіндегі шыбын жанындай санаса, оның мәңгілік өмір сүруі үшін қолдан келгенінің бәрін де жасауы тиіс. Мәңгілік ел атану үшін де қазақ тілінің рухы асқақ та биік болғаны жөн. Мәңгілік елдің тілі – қазақ тілі ана тіліміз болуы шарт екенін қаперде ұстайық.

Read More

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршамыздың парызымыз

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршамыздың борышымыз. Сыбайлас жемқорлыққа көбіне оның қылмыс екенін білмегендіктен, салдарын білмегендіктен барып жатады. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көптеген қарқынды жұмыстар, түрлі іс-шаралар жүргізілуде, жарнамалар жариялануда. Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың салдарын түсіндірумен оның алдын алуға, жолын кесуге, болдырмауға болады.

Read More

Оқушы сөйлеміндегі жарыспалық

«Тіл – ұлттың өзегі. Онда халқы¬мыз¬дың бүкіл бітім-болмысы көрініс тапқан. Бай әрі шұрайлы тіліміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, елімізбен бірге жасап келеді. Шын мәнінде, тіл – жанды ағза іспетті, ұдайы жаңарып отырады. Заман талабына сай жаңа сөздер қосылады. Кейбірі көнеріп, сирек қолданыла бас¬тайды. Бұл – заңды құбылыс.

Read More

Сотқа дейінгі хаттама – дауды сотқа дейін шешудің тиімді жолы

Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізуді реформалау жолындағы кезекті маңызды қадам, ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылдың 20 желтоқсанында қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінен азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда айқындалған татуластыру рәсімі мен сотқа дейінгі хаттама бойынша судьяның процессуалдық әрекеттерін енгізу болды. Заң 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді.

Read More

Ұлттық киім – ұлттың көркі

Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Асыл мұра-Орда” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж. 25 тамыз күні Тереңөзек кентінде “Ұлттық киім-ұлттың көркі” атты байқау өткізілді. Шараға Айдарлы, Жетікөл, Асқар, Іңкәрдария, Нағи Илиясов, Қоғалыкөл, Ақжарма елді-мекендерінен және Тереңөзек кент тұрғындары қатысып, өз дәрежесінде өнер көрсетті.

Read More

Отбасы тыныштығы теңдессіз бақыт

Жетес деген биге бір жас жігіт келіп, Биеке бірінші байлық денсаулық екенін білеміз, ал бірінші бақыт не депті. Сонда Би «Отбасыңның тыныштығы» деген екен. Расында отбасы тыныштығынан асқан қандай бақыт керек. Байлық пен билігің салтанат құрып тұрғанмен отбасыңда тыныштық болмаса, ана зәбір көріп, бала жылап жүрсе ол шаңырақтан құт қашпай ма? Міне, соны болдырмаудың түрлі тәсілдері жасалып, дала қағидаттары қалыптасып келген еді. Бүгінде ару ана мен әлсіз баланы Заң қорғайды. Мәселен «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы»  Конвенциясына қосылу туралы «Қазақстан Республикасының Әйелдердi кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы» 1979 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған. Сол заң адамның негізгі құқықтарына, адамның жеке тұлғаның қадыр-қасиеті мен құндылықтарына және ерлер мен әйелдердің тең құқықтылығына, әйелдерге қатысты кемсітулерді жою туралы декларацияда жарияланған принциптерді іске асыру үшін қабылданған болатын. 

Read More

Мәйітхана өлілерге ақылы қызмет ете ме?

Қызылорда қаласындағы мәйітхана зерттеме үшін түскен әр мәйітке 7 мың теңге көлемінде ақылы қызмет көрсетеді екен. Ол қаржыны мүрденің иелері төлейді. Егер осы жасаған қызметтерінің ақысы төленбесе мүрде иелеріне берілмейді деген әңгімені естіп жағамызды ұстаған едік. Өлі денеге жасаған өз қызметтеріне кіретін жұмыс үшін мәйітхана қызметкерлерінің ақы алуы заңға сыйғанмен ақылға сыймайды.

Read More