Есірткісіз өмір ғажайып!

«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

 Таң атты. Ербол ояна сала мектепке асығатын әдетіне салып, жолға шықты. Айнала шық түсіп, күн райы салқын тартып тұр. Бетін шымшып алардай болған салқындық сезіліп тұр. Қатты естілген дыбыс Ерболды селт еткізді.Үй арасы жақын, досы Қасымның үйі еді.

 Қасым – өте тұйық, үндемейтін , жұқатап бала. Отбасында анасы, ағасы үшеуі тұрады. Әкесі науқастанып, екі жыл бұрын көз жұмған. Бұл айқай балаларының күнделікті күнкөріс қамымен жүріп, балаларының уақытын қадағалаусыз қалдырып жүргендегі анасының тапқан зардабы еді.

 Қасым қорыққаннан көшеге жүгіріп шықты. Көзі шарасынан шығардай кейіпте. Үрейленген бала жан-жағынан жалтақтап, көмек сұрағандай тосылып тұрғанда:

-Қасым, Қасым не болды? – деп жүгіріп жеткен Ерболда келді.

-Ағам, ағам анама айқайлап жатыр.Анамнан ақша сұрап үйдің астан-кестеңін шығарды-деді Ербол.

-Не үшін? Ағаң ақшаны не істейді?

-Білмеймін, ағам соңғы уақытта көп ашуланады, маған ұрсады, қол көтеруді де шығарды. Анама мүлде көмектеспейтін болды. Түнде кетіп қалып, азанғы уақытта келеді. Анамды тыңдамайды.- деді Ербол жыламсырап.

-Сабаққа барасың ба? Бүгін қорытынды тапсырма орындаймыз деген апай, кешеде келмедің?

-Мен анамның жанына барайын, ауырып қалады.Анамның шәй-тамағын жасаймын. Бара алмайтын болдым-ау бүгін тағы да.

-Апай сұраса ауырып қалыпты деймін,жарайма?Жарайды мен кеттім онда.

 Үнсіздік. Қасым аяғын баяу басып ауласына кірді. Ағасы кетіп қалған сыңайлы. Қора есігі ашық тұр екен. Жүрегі дүрс-дүрс соғып Қасым да дыбыстады:

-Мама, мамау? Мама не болды? — табандарын мұздай қарып бара жатқан тас еденнің үстінде анасы пешке сүйеніп отыр екен. Дыбыс жоқ. Бір нүктеге қадалған күйі анасы қозғалмады.

«Атадан ала да туар, құла да туар» деген дыбыс еміс-еміс естілді де,

-Балам- деп қолын көтеріп өзіне шақырды анасы. Жүрегі мұздай болып қорқып кеткен Қасым анасының құшағына енді.

-Балам, қорқып кеттің бе? Ағаңа ренжіме, ол өзінің қатесін түсінер!- деді де Қасымды қатты құшақтап ішінен жылады. Анасының жан айқайы Қасымға естілмесе де , сезіліп отырды. Өйткені Қасым бұл уақытта бәрін түсінетін жасқа келмесе де, әкесінен айрылған тауқымет пен ағасының озбырлығы Қасымды өз жасынан әлде қайда есейтіп жібергін еді.

 Ана байғұс жүрегі қан жыласа да, бауырлардың ортасына ала жіп жүргізгісі келмей алаңдауда.

 Өмір ағымы осы, анасы мен інісіне қамқор болудың орнына , «есірткі» деген шырмауы шешілмейтін торға түсіп, әлек болып жүрген Қасымның ағасы Ермектің ісі еді бұл.

 Шындығында анасының кінәсі ме, әлде ағасының ойсыздығы ма, әлде жоқшылық па?! Өмірде болып жатқан бұндай шынайы көріністер көп-ақ.

 Есірткінің шырмауынан босап шығала ма Қасымның ағасы? Қасым мен анасының жағдайы қалай болар екен? Заман ағымы деп жасөспірімдер осылай шырмала берсе қоғам не болады? Тағдыр қалай болады?Сан алуан сауал меніде мазалауда. Ең бағалы өмір болса, осы өмірде уақыт пен денсаулық басты байлық емеспе?!Ермек қашан түсінеді? Түсінген жағдайда кеш болмайма?

 Қоғамымыз үлкен дертпен алысып жатқанын әрбір адамзат түсінсе екен. Шынында есірткісіз өмір ғажайып. Адамдар есірткінің қауіпті және пайдасыз екенін біледі, біле тұра осы торға неге түседі? Қазіргі таңда есірткіге қарсы тосқауыл болатын мамандар жұмыс жасап жатыр. Жасөспірімдер, жеткіншектер арасында түрлі жұмыстар жүргізіп жатыр. Қуанамыз, қолдаймыз.

Есірткіге есергенше, елгезек жас болайықшы, достар!

Жұмасейт Кәусар
8-сынып оқушысы
№186 орта мектеп
Қармақшы ауданы

Related posts

Leave a Comment