«Бизнес тірегі» — кәсіпкерлік нышаны!

Кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта бизнесті дамыту әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енуге бет алған Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын көрсетеді.

Президентіміз ақпараттық технология дамыған заманда мемлекеттік цифрлық қызметтер кез-келген қарапайым адамға түсінікті және қолжетімді болуы тиіс екенін жеткізген болатын.

Цифрлы технологияны дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кәсіпкерлерге арналған «Qamqor» ұялы қосымшасын іске қосты.

Аталған қосымшамен кәсіпкерлер тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген QR кодты оқитын функционалы арқылы, кодты сканерлеп, тексерушінің тексеру мерзімі мен түрі туралы және т.б. нақты ақпаратты көріп, оны қағаз үлгідегі тексеру тағайындау туралы актісімен салыстыра алады.

Сондай-ақ, кәсіпкер тағайындалған тексеру туралы хабарламаны алған соң, тексеру басталғанға дейін тексеру барысында қойылатын талаптармен және көрсетілген бұзушылықтар туралы тексеру қортындысымен таныса алады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүргiзетiн тексерулердiң есебiн жүргiзедi және тексерулерді тағайындау кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайларда, оларды тағайындау туралы актілерді тіркеуден бас тартады.

Қазіргі уақытта, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты заңсыз тексерулердің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасымен нәсихаттау жұмыстары жүргізілуде.

Ғ.Тілеужан
ҚР БП Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің Қызылорда облысы
бойынша басқармасының
азаматтық және әкімшілік салалардағы
құқықтық ақпаратты қалыптастыру
бөлімінің аға прокуроры

Related posts