Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршамыздың парызымыз

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршамыздың борышымыз. Сыбайлас жемқорлыққа көбіне оның қылмыс екенін білмегендіктен, салдарын білмегендіктен барып жатады. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көптеген қарқынды жұмыстар, түрлі іс-шаралар жүргізілуде,  жарнамалар жариялануда. Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың салдарын түсіндірумен оның алдын алуға, жолын кесуге, болдырмауға болады.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебіне, көбіне-көп  олардың білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер етіп жатады. Кейбірінің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі және жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізіп жатады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресуді бала дүниеге келген уақыттан бастап бойына сіңіріп, оған тәрбие бергенде тәрбиелік мәні бар нәрселерді көбірек насихаттап, мәселен, біреудің затын рұқсатсыз алуға болмайды деген кішкене ғана ұғым болса да оның салдарын түсіндіріп отырсақ, саналы ұрпағымыздың тәрбиеленуіне үлесімізді қосқанымыз деп білеміз.

Қоғамымызда бұл дерттің алдын алып, таралу жолдарын болдырмай, оның көбеюіне жол бермеуіміз қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күресуге ат салысайық!

А.Саденова,
Қызылорда қалалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

Related posts