Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «QazaqGaz Aimaq» АҚ ҚӨФ-ның тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау қызметтеріне 2026-2030 жылдарға берілген тарифтерінің жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды. Жария тыңдау 2025 жылғы 24 қазанда сағат 11-00-де Қызылорда қаласы, Қазыбек Би көшесі, 21, «А.Тоқмағамбетов атындағы» мәдениет үйі мекенжайда өткізіледі. Жария тыңдауға депутаттар, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз сарапшылар мен тұтынушылар шақырылады. Сонымен қатар, барлық аудандардың тұрғындары және басқа да мүдделі тұлғалар Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі…
Read MoreМесяц: Сентябрь 2025
Ақтөбе арғымақтар Астанасы
Ақтөбе облысының атын шығарып жүрген сәйгүліктер аз емес. Ерте шапса кешке озған, ойға салса төске озған небір тұлпарлар тұр қазірде сөреде. Олардың бапкерлері, сейістері көз ілмей баптап, тыным таппай тақтап отырады. Ер қанаты ат деген, ат әперер бақ деген демекші бабы мен бағын келістіріп жүрген жандардың бірі Сақып Мейрамбек Есетұлы мен Айбек.Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған 70 шақырымдық ұлы аламан бәйгеде Айбектің баптап қосқан қылқұйрығы өткен дүбірлі додада бірінші келіп, автокөлік ұтып алса, Мейрамбектің тұлпары Ақтөбеде өткен аламанда жүлделі ІІ орынды иеленді. Қазақты қанаттандыратын көкқасқалар жайлы дода басындағы толғауымызды ұсынып…
Read MoreИспользование поляризационной микроскопии в судебно- гистологической практике
Нұржаубаева Мира Қадірбергенқызы Поляризационная микроскопия используется в судебно-гистологической практике для выявления и изучения структурных особенностей тканей, которые проявляют двойное лучепреломление, таких как отложения солей мочевой кислоты, кристаллов липидов и других компонентов, имеющих специфическую анизотропию. Этот метод позволяет диагностировать патологии, связанные с нарушениями обмена веществ, определять наличие специфических веществ, установление давности повреждений, что важно для судебно-медицинской экспертизы. Как это работает Применение в судебно-гистологической практике Диагностика отложений солей:Поляризационная микроскопия позволяет выявлять и идентифицировать кристаллы мочевой кислоты (например, при подагре) и других солей, которые не видны при стандартном световом микроскопе. Выявление липидных отложений:Этот метод…
Read MoreҚаннан карбоксигемоглобинді айқындау бойынша сараптамалық зерттеулер әдісі
Темирланова Қарлығаш Бисенбаевна,Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамалары институтының химия-токсикология бөлімінің сарапшысы Көміртегі оксиді түссіз, иіссіз газ. Көміртегі оксиді мен ауа қосындысы жарылыс туғызуы мүмкін. Бөлме температурасында 16-дан 73 пайызға дейін көміртегі оксиді бар қоспалар жарылыс туғызуы мүмкін. Көмірсутегі, тас көмір және басқа жанғыш материалдар толық жанбаған жағдайда көміртегі оксиді пайда болады. Көміртегі оксиді (иіс газы) автомобильдің пайдаланылған газдарында, пештерде жанғыш материалдар толық жанып кетпеген жағдайда пайда болады. Көміртегі оксиді көп жағдайларда өрт не жарылыс кезінде пайда болады. Пешпен жылытылатын жерлерде желдету дұрыс істемеген жағдайларда және өрт кезінде көміртегі оксидімен уланған…
Read MoreСандық технология – жұмысқа серпін
А.СапароваҚармақшы аудандық сотының жетекші маманы Бүгінгі таңда сандық технологиялар қоғамның дамуына тың серпін беріп отыр. Ол тек күнделікті тұрмысымызды ғана жеңілдетпей, еңбек өнімділігін арттыруға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына да ықпал етуде. Цифрландырудың басты артықшылығы – уақытты үнемдеу. Электронды құжат айналымы, онлайн төлемдер, түрлі автоматтандырылған жүйелер жұмыс барысын жеделдетіп, қызметкерлердің шығармашылыққа көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. Соңғы жылдары қашықтан жұмыс істеу үрдісі кеңінен таралды. Интернет пен бұлтты сервистердің арқасында адам өз үйінен шықпай-ақ басқа қаладағы, тіпті шетелдегі компанияға қызмет көрсете алады. Бұл еңбек нарығын жаңа деңгейге шығарып отыр. Шағын бизнес үшін…
Read MoreАса ауыр қылмыстық істерді қарайтын соттың ерекшелігі
Г.СайджаппароваҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман сот отырысының хатшысы Аса ауыр қылмыстық істерді қарау – сот қызметінің ең жауапты бөлігі. Мұндай істерді әдетте алқалы сот құрамы немесе қазылар алқасы қарайды. Сот процесінде қорғаушының қатысуы міндетті, себебі айыпталушының құқықтарын сақтау бірінші орында тұрады. Сот әрбір дәлелді жан-жақты зерттеп, тек заңды жолмен алынған айғақтарға сүйенеді. Кей жағдайларда сот отырысы ашық өтеді, бірақ мемлекеттік құпия немесе кәмелетке толмағандарға қатысты болса – жабық түрде жүргізіледі. Аса ауыр қылмыстық істер бойынша шығарылған үкімдер айыпталушының тағдырын түбегейлі шешеді, сондықтан соттың әділдігі мен…
Read MoreҚазақстан Конституциясына – 30 жыл
Д.АлиевҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Биыл еліміздің Ата Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толып отыр. 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция – мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, демократиялық дамудың берік іргетасына айналды. Конституция – халқымыздың ерік-жігерін білдіретін басты құжат. Онда Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесі айқындалған. Әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының кепілдігі, заңның үстемдігі мен билік тармақтарының теңгерімі осы құжатта көрініс тапқан. 30 жыл ішінде Ата Заң елдің саяси тұрақтылығы мен экономикалық дамуының негізін қалады. Конституцияның арқасында елімізде азаматтық қоғам қалыптасты, адам құқықтарын…
Read MoreТеннис тұғыры, тағдыр сыны,табанды тарлан
Мүмкіндігі шектеулі жандар спорттан шет қалған емес. Тағдырдың тәлкегіне түскен қаншама қажырлы жандар спортпен шұғылданып, не түрлі қиындықтарды еңсеріп, белестерден өтіп, сайыстарда жұлдызыдары жарқырап келеді. Сондай саңлақтардың бір қатары Қызылорда қаласындағы № 2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қызмет алып, түрлі үйірмелерде шыңдалып, шың биігінен көрініп келеді.Орталықта қызмет алып жатқандардың жүзге жуығы жеті түрлі спорт үйірмелеріне қатысып, түрлі сайыстарда суырылып алға шығып жүр. Оларды жараулы тұлпардай баптап келе жатқан спорт жаттықтырушысы Нұрбол Тәжібаевтың да еңбегі ерен.Тынымсыз жұмыстың нәтижесінде орталық спортшыларынан құрылған команда шағын футболдан Алматыда өткен халқаралық турнирде І- орын…
Read MoreКассациялық сот жұмысын бастады
Д. АлиевҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Еліміздің сот жүйесінде маңызды реформалардың бірі жүзеге асты – Қазақстанда кассациялық сот өз жұмысын ресми түрде бастады. Бұл қадам азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге бағытталған. Кассациялық соттың басты міндеті – сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау және біркелкі сот тәжірибесін қалыптастыру. Енді азаматтар мен заңды тұлғалар өз істері бойынша аудандық және апелляциялық соттардан кейін кассациялық сатыға жүгіну мүмкіндігіне ие. Бұл сот әділдігіне деген сенімді арттырып, қателіктердің алдын алуға жол ашады. Жаңа сот сатысының құрылуы Конституцияда бекітілген әділдік, заң…
Read MoreҰлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов
Г.ДосанҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Қазақ халқының тарихында ұлттың болашағы үшін аянбай тер төккен, тағдырына адал қызмет еткен ардақты тұлғалар бар. Солардың ішінде Ахмет Байтұрсыновтың орны айрықша. Ол – халқымыздың ұлт болып ұйысуына, тілі мен әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, «Ұлт ұстазы» деген құрметті атаққа лайық қайраткер. Ахмет Байтұрсынов – ағартушы, ғалым-лингвист, әдебиет зерттеуші, ақын, қоғам қайраткері. Ең әуелі ол қазақ жазуына реформа жасап, төте жазуды енгізді. Бұл жазу қазақ халқының сауатын ашуға, білімін көтеруге жол ашты. Оның «Әліпбиі» мен «Тіл-құрал» оқулығы бірнеше буын қазақ…
Read More