А.Сапарова
Қармақшы аудандық сотының жетекші маманы
Бүгінгі таңда сандық технологиялар қоғамның дамуына тың серпін беріп отыр. Ол тек күнделікті тұрмысымызды ғана жеңілдетпей, еңбек өнімділігін арттыруға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына да ықпал етуде.
Цифрландырудың басты артықшылығы – уақытты үнемдеу. Электронды құжат айналымы, онлайн төлемдер, түрлі автоматтандырылған жүйелер жұмыс барысын жеделдетіп, қызметкерлердің шығармашылыққа көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары қашықтан жұмыс істеу үрдісі кеңінен таралды. Интернет пен бұлтты сервистердің арқасында адам өз үйінен шықпай-ақ басқа қаладағы, тіпті шетелдегі компанияға қызмет көрсете алады. Бұл еңбек нарығын жаңа деңгейге шығарып отыр.
Шағын бизнес үшін де цифрлық мүмкіндіктер көп. Әлеуметтік желі арқылы жарнама жасау, онлайн дүкен ашу, электронды төлем жүйесін қолдану – кәсіпкерге өнімін тез әрі кең көлемде ұсынуға жол ашады.
Әрине, мұның бәрі жұмысшыдан жаңа дағдыларды талап етеді. Цифрлық сауаттылық, заманауи бағдарламаларды меңгеру, онлайн курстардан өту – бәсекеге қабілеттіліктің басты кепілі.
Қорытындылай келгенде, сандық технология – бүгінгі заман талабы. Ол еңбекке серпін беріп қана қоймай, қоғамды жаңа даму жолына жетелейді.