Соңғы жылдары халықаралық терроризм ауқымы, келтірілген залалдары мен жиілігі бойынша адамзаттың ең өзекті мәселесіне айналып отыр. Оның ішінде діни экстремизмнің орны бөлек. Діни экстремизм көп жағдайда саясатпен бірігіп, қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін құрал. Экстремизм және терроризммен күрес біздің күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Осы орайда Сыр еліндегі Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімінде жеке құрамның өзге діни ағымдарға еріп кетпеуі, терроризм мен экстремизмнің құрбаны болудың алдын алу мақсатында кездесу өткізілді. Жиынға Қызылорда облысының Дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің аға маманы-теолог Бақтияр Оспан, Қызылорда…
Read MoreМесяц: Май 2024
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – уақыт талабы
Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 20 мамыр күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – уақыт талабы» тақырыбында Шиелі ауданына қарасты Жаңатұрмыс және Бәйтерек ауылдық округтерінің тұрғындарымен, жастарымен кездесу өткізілді. Кездесуге заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Қаржаубаева Ләззат Майлыбайқызы арнайы келіп, тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заң талаптары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Read MoreҚұттықтаймыз
Әр адамның өзіне ғана тиесілі жеке мерекесі болады. Ол, мына жарық дүние есігін ашқан туған күні. Міне, сондай туған күнің бүгінгі иесі, әріптесіміз, Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің басшысы Күншығарова Алмакүл Жалғасқызы. Осы мәртебелі мерекесін пайдалана отырып Алмакүл Жалғасқызына зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат тілейміз. Тәңір сізді ақ жүзді абройлы, биік беделді етіп, шаттыққа шалқытып, бақытқа балқытып ұзақ жасатсын демекпіз. Ортаңызда абройлы, қызметті беделді болып, аңсаған арманға, көздеген мақсатқа жетіңіз. Деніңіз сау болып, ұзақ жасаңыз. Жанұяның шаттығын, бақ құтын беріп, жүзіңізден күлкі айырмасын деп тілейміз. Әлемдегі барлық жақсылықты…
Read MoreМемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік тіл – мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің ата заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі.Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, дана, рухани бай, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі.Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақсатан Республикасының…
Read MoreШоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай танымдық іс – шарасы өтті
Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж. 21 мамыр күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің 1 оқу ғимаратында орналасқан “Шоқайтану” орталығында «ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ҒАЛЫМЫ — ШОҚАН УӘЛИХАНОВ» атты Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай танымдық іс – шарасы өтті. Шараға тарих мамандығының бітіруші түлектері, азаматтық қоғам өкілдері, гуманитарлық-педагокикалық институтының дәрісалушылары қатысты. Гуманитарлық-педогогикалық институтының директоры, доцент Тайман Сағат Тамшыбайұлы кіріспе сөзін Шоқанның ғылыми көзқарастарының қалыптасуына белсенді ықпал еткен ғалымның…
Read MoreЗиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге жаңадан енгізілген арнаулы әлеуметтік төлемдер туралы
Мемлекет басшысының 01.09.2023 ж. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында ҚР Үкіметіне 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген азаматтарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізу тапсырылған.Соған сәйкес, 21.12.2023 ж. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды.Аталған Заңмен ҚР Еңбек кодексіне (127-3-бап) және Әлеуметтік кодексіне (14-1-тарау, 195-1, 195-5) толықтырулар енгізіліп, 01.01.2024 ж. бастап еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру бойынша арнаулы әлеуметтік төлемдер…
Read MoreСыбайлас жемқорлықтың алдын-алу
Б.ҚалдыбаевЖаңақорған аудандық сотының бас маманы,сот отырысының хатшысы Сыбайлас жемқорлық–заманмен бірге өсіп-өркендеп, тамыр жайып бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдердің бірі. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу-мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуда. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Мамандар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары үнемі бақылауға алынған Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті…
Read MoreКөлік құралын мас күйінде басқару
Н.КамалЖаңақорған аудандық сотыныңжетекші маманы Елбасының тапсырмасы бойынша көлікті мас күйде басқарған құқық бұзушылардың жауапкершілік мәселелерін қатаңдату шаралары қабылданды. 27 желтоқсан 2019 жылы мемлекет басшысы заңға қол қойды, бұл заң мас күйде көлік басқару және басқада қауіпті құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтті. Жол жүрісі ережесінде көлік құралын масаң күйде (алькогольдік, есірткілік және т.б.) басқару тыйым салынған.Бұл құқық бұзушылыққа әкімшілік және қылмыстық жауапталық көзделген. Жауапкершілік күшейді дегенмен, тұрғындар бұл нормаларды немқұрайлықпен қабылдаған секілді.Олай дейтініміз көлік құралын мас күйде басқаратын адамдар саны толастамай тұр. Ішімдік ішіп алып, заң бұзатындарға, оның ішінде көлік айдайтындарға…
Read MoreАзаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өтті
Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 15 мамыр күні сағат 11.00-де Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бекшин Қуанышбек Махметұлының азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуі өтіп, оларды толғандыратын сұрақтар мен мәселелер талқыланды. Қуанышбек Махметұлы жыл басынан бері атқарған жұмыстары туралы және бюджеттің кіріс бөлімі, салым және оны өндіру жүйесін ұдайы жетілдіру арқылы салық төлеушілерге сапалы қызмет көрсету, салық базасын нығайту, кедендік әкімшілік бағытындағы бірқатар жұмыстарды үйлестіру…
Read More«РАДИКАЛИЗМ – ҚАУІПТІ ҚҰБЫЛЫС» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Аудан көлемінде діни экстремизмінің алдын алу бағытындағы шаралар» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 15 мамыр күні аудандық Руханият орталығында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Білім Қазына қорының директоры, дінтанушы теолог Ұлықбек Алиакбарұлының қатысуымен «Радикализм – қауіпті құбылыс» тақырыбында аудан тұрғындарымен, мешіт имамдары және мектеп оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов модераторлық жасады. «Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орны зор. Дiн мен мемлекеттiң түйiсер жерi – елдiң тұтастығы жəне қоғамның ауызбіршілігі мен тұрақтылығы. Сондықтан, екi тараптың өзара бiрiгiп əрекет ететін кеңiстiгiн,…
Read More