«РАДИКАЛИЗМ – ҚАУІПТІ ҚҰБЫЛЫС» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Аудан көлемінде діни экстремизмінің алдын алу бағытындағы шаралар» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 15 мамыр күні аудандық Руханият орталығында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Білім Қазына қорының директоры, дінтанушы теолог Ұлықбек Алиакбарұлының қатысуымен «Радикализм – қауіпті құбылыс» тақырыбында аудан тұрғындарымен, мешіт имамдары және мектеп оқушыларымен кездесу өтті.

Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов модераторлық жасады.

«Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орны зор. Дiн мен мемлекеттiң түйiсер жерi – елдiң тұтастығы жəне қоғамның ауызбіршілігі мен тұрақтылығы. Сондықтан, екi тараптың өзара бiрiгiп əрекет ететін кеңiстiгiн, оның құқықтық тетіктерін уақыт талабына сай айқындап жəне жетілдіріп отырудың маңызы зор.

Елімізде орныққан дінаралық татулық пен келісім – қазақ халқының дәстүрлі рухани құндылықтарын ұлықтау мен мемлекеттің дін саласындағы салиқалы саясатының жемісі деп білемін. Сондықтан, екi тараптың өзара бiрiгiп əрекет ететін кеңiстiгiн, оның құқықтық тетіктерін уақыт талабына сай айқындап жəне жетілдіріп отырудың маңызы зор» деді аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сүлейменов.

Жиын барысында дінтанушы теолог Ұлықбек Алиакбарұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм туралы сөз қозғап, кездесуге қатысушыларға біздің рухани құндылықтарымыз – дініміз бен дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы. Сондықтан дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі екенін жеткізді.

Жиын соңында қатысушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.

Related posts