Қылмыстық процесті цифрландыру

С.Тельмухамет
Қызылорда гарнизоны әскери
прокуратурасының прокуроры
әділет лейтенанты      

Мемлекет басшысы 2025 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспары барысында «Кейбір заңнамалық актілерге құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл заң қылмыстық процесті қағаз форматынан бөлек электронды түрде жүргізіп қылмыстық істі цифрландыруға мүмкіндік берді.

Аталған талаптарға сәйкес 2024 жылдың өткен кезеңіңде Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасының қадағалау аумағындағы әскери қылмыстық қудалау органдары стратегиялық даму жоспарын орындау барысында  электронды форматта қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру жүзеге асырылды.

Тергеп тексеру барысында цифрландыру іс жүргізу шаблондарын электрондық форматта толтыру жəне оны СДТБТ жүйесінде енгізілетін құжаттарды бұрмалау фактілерінің санын азайтатыны белгілі.

Осыған орай елімізде тергеп-тексеру жұмыстарын оңайлату мақсатында соңғы жылдары қудалау органдарына иновациялық техникаларды енгізілуде.

Иновациялық техникаларды енгізіп, қылмыстық істі цифрландыру нәтижесінде сот ісін жүргізудің ашықтығы қамтамасыз етілуде, материалдарды бұрмалау тәуекелдері азайып тергеу мерзімдері қысқаруы байқалады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері қылмыстық істің тіркелген сәтінен бастап электронды түрде жүргізіліп, прокурор өз кезегінде құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасындағы үш буынды модельді процестің шеңберінде негізгі процестік шешімдер мен барлық қылмыстық процестің барысын қашықтан қадағалауда.

Сонымен қатар тергеу органдарына сараптамаларды тағайындау туралы қаулыларды электронды түрде жіберуге жəне сарапшылардан олардың нəтижелерін СДТБТ-не электронды түрде қабылдауға мүмкіндік беретін «E-saraptama» модульін қолдануда.

Сондай-ақ тергеп-тексеру кезінде қорғаушыны тағайындау үшін «Е-Заң Көмегі» жəне тергеу әрекетін жұмыс орнынан тыс жерде жүргізу мүмкіндік беретін «Offline СДТБТ» модульдерін атап өту қажет.

ҚР «Кейбір заңнамалық актілерге құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы сотқа дейінгі тергеу органдарының жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, қылмыстық процеске қатысушылар үшін бірқатар мүмкіндіктер беретініне сеніміміз мол.

Related posts