Отбасы — адамзаттың баға жетпес байлығы. Адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.
Сондықтанда жақсылықтың бәрі отбасынан, басталады. Ол ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастың отын жағушы ерекше ұя. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, адам ең діңгегі де берік болады.”Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап тәрбиені отбасынан алады.
Бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелесің. Сол сияқты баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап түзету, сонымен бірге оған әлеуметтік мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру ата-ана мен мектептің міндеті.
Мектеп пен ата-аналар ынтымақтаса жұмыс жүргізсе, балаларға тиісті көңіл бөле білсе, олармен санаса білсе келешектің шын жанашыры, елдің арқа сүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз.
Менің ойымша әрбір жас толқын қай жағынан болсын, тамаша, жан-жақты келісті азамат болып қалыптасуы қажет. Ол еңбекқор, адал, білімді, көп оқыған ақылды болып қана қоймай, тәрбиелі де көркем азамат болып қалыптасуы қажет.
Ол еңбекқор, адал, білімді, көп оқыған ақылды болып қана қоймай, тәрбиелі де көркем ибалы болуы керек.
Отбасында ата-ана бір- бірімен, өздерінің ата-анасымен қалай қарым қатынаста болса, дәл сол ата-анасынан көрген әрекеттерді балалар балалар қайталайды.
Отбасында болған ұрыс-керістен кейбір балаларда жағымсыз мінез құлықтар пайда болады.Сол үшінде балалар тәрбиелі, саналы ұрпақ болу үшін отбасы мүшелері бір-біріне деген құрметтеушілікті арттыру қажет.
Д.Ахметов
Қызылорда қаласының №2 сотының жетекші маманы