Жүкті әйелдерге арналған кеңестер

Жүрсінова Айнұр Әшірбекқызы
Шиелі аудандық көп бейінді орталык ауруханасы
Сұлутөбе дәрігерлік амбулатория  акушері

Жүктілік – әйел өміріндегі ең ерекше әрі жауапты кезеңдердің бірі. Болашақ ананың денсаулығы мен көңіл күйі нәрестенің дамуына тікелей әсер етеді. Сондықтан бұл кезеңде әйел адам өзіне ерекше күтім жасап, дұрыс өмір салтын ұстануы қажет.

Төменде жүкті әйелдерге пайдалы бірнеше кеңес беремін:

Дұрыс тамақтану қажет

Жүктілік кезінде ағзаға қосымша дәрумендер мен минералдар қажет. Төмендегі ережелерді сақтау маңызды:

  • Күніне 3 негізгі және 2–3 жеңіл тағам қабылдаңыз.
  • Көкөністер мен жемістерді көп тұтыныңыз.
  • Ақуызға бай тағамдарды (ет, балық, жұмыртқа, бұршақ) таңдаңыз.
  • Қантты, тұзды және майлы тағамдарды шектеңіз.
  • Кофе мен газдалған сусындарды азайтып, таза су ішіңіз (күніне кемінде 1.5-2 литр).

Медициналық бақылау өтіп туру қажет

  • Жүктілікті ерте кезеңнен бастап әйелдер консультациясына тіркеліңіз.
  • Дәрігер белгілеген барлық тексерулерден уақытылы өтіңіз.
  • Фолий қышқылы мен басқа да дәрумендерді қабылдауды ұмытпаңыз (дәрігер кеңесімен).

 Жаттығу және қозғалыс

  • Арнайы жүкті әйелдерге арналған жаттығулармен шұғылданыңыз (йога, серуендеу).
  • Күніне кемінде 30 минут таза ауада серуендеңіз.
  • Ауыр жұмыс пен шамадан тыс физикалық күш салудан аулақ болыңыз.

Демалыс пен ұйқы

  • Түнде кемінде 8 сағат ұйықтауға тырысыңыз.
  • Күндіз қысқа демалыс (20–30 минут) пайдалы.
  • Сол жақ бүйірмен ұйықтау – қан айналымын жақсартады.

Көңіл күй және психологиялық жай-күй

  • Позитивті ойлап, жақсы көңіл күйде болуға тырысыңыз.
  • Жақындарыңызбен және болашақ әкемен ашық сөйлесіңіз.
  • Қажет болса, психолог көмегіне жүгініңіз.

Зиянды әдеттерден бас тарту

  • Темекі тарту, алкоголь және басқа зиянды заттардан мүлдем бас тартыңыз.
  • Бұл заттар бала дамуына өте зиян.

Қорытынды

Жүктілік – бұл тек жаңа өмірдің басталуы ғана емес, сонымен қатар әйелдің өзіне деген махаббаты мен жауапкершілігінің көрінісі. Өз денсаулығыңызға мұқият болып, жоғарыда айтылған кеңестерді ұстансаңыз, жүктілік кезеңі жеңіл өтіп, дені сау сәби дүниеге келеді.

Related posts