Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің ақпараттық жүйелері мен сервистерінің мүмкіндіктерін мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен халық арасында таныстыру жөніндегі жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облыс әкімдігінде 2023 жылдың 29 наурызында облыс әкімінің төрағалығымен облыстық мекеме басшыларының, қала, аудан әкімдері, құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен кеңейтілген семинар-кеңес және презентация өткізілді.
Аталған кеңесте Комитетпен жүргізіліп жатырған жобалардың «Qamqor.gov.kz» порталы интернет-ресурсында сайты арқылы толық көруіне қол жетімділгін, қылмыстық құқық бұзушылық картасы, жол-көлік оқиғасының картасы бойынша, «Ақпараттық сервис» жүйесінің мүмкіндіктері бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Басқармасы бастығының орынбасары Р.Бұсырманов, бөлім бастығы Е.Жұқашев және жауапты қызметкерлер баяндама жасады.


Сонымен бірге семинар-кеңесте жауапты қызметкерлер тарапынан «қылмыстық құқық бұзушылық картасы және жол-көлік оқиғасының картасы бойынша» толық ақпараттар көрсетіліп берілді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың 3 аймен облыс көлемінде қылмыстық құқықбұзушылықтардың тіркелуі 2022 жылдың 3 аймен салыстырғанда 972–ден 813-ке дейін, яғни 16,4% азайған.
Ағымдағы жылдың жылдың 3 айында 724-тен астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, картада көрсетілді.
Жалпы қылмыстар құрылымындағы бөтен мүлікті ұрлау үлесі басым артықшылыққа ие, атап айтқанда барлық тіркелген құқық бұзушылықтардың 29,2%-ын құрайды, бұл облыс бойынша қылмыстылық көрінісін қалыптастыруға ықпал етілетіндігі атап өтілді.
Жол-көлік оқиғасының картасы бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың 3 аймен облыс көлемінде жол көлік оқиғаларымен тіркелуі 2022 жылдың 3 аймен салыстырғанда 65–ден 62-ке дейін, яғни 4,6% азайғандығы және ағымдағы жылдың жылдың 3 айында 62-і жол көлік оқиғасы бойынша мәлімет тіркелгендігі жөнінде, картада көрсетілді.
Сол сияқты, Комитеттің қалған ақпараттық сервистерінің мүмкіндіктері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Комитетпен жүргізіліп жатырған жобалардың құрудағы басты мақсаты – құқық қорғау құрылымдары қызметінің жариялылығын арттыру, қылмыстық көріністерге төзбеушілік таныту, сонымен қатар, заңдылықтың сақталуы бағытындағы шараларды бақылау болып табылатындығы атап өтілді.
Бұл іс-шара облыс мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен халық арасында аумағындағы Комитетінің ақпараттық жүйелері мен сервистерінің мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында жүргізілді.
Осындай жұмыстар алдағы уақытта да Басқармамен жалғасатын болады.
ҚР БП ҚСжАЕК-нің Қызылорда облысы бойынша Басқармасы