Медициналық қызмет көрсетуде ауқымды топты құрайтын алғашқы буын – мейіргерлер. Сондықтан мейіргер қызметін дамыту аса маңызды істің қатарында. Сырқамайтын, дәрігерге қаралмайтын адам жоқ.Қазіргі уақытта мейіргерлер медицина қызметкерлерінің ең үлкен санатын құрайды, өйткені медициналық тәжірибеде медициналық қызметтердің басым бөлігі мейіргерлермен қамтамасыз етіледі. Денсаулық сақтау саласында халық денсаулығын жақсарту жолындағы мейіргерлер еңбегі ұшан теңіз. Өйткені, мейіргер — білім мен шеберлігі бар, ісімен жан-жақты, күтім үрдісіне жауапты, мейірімділік көрсете білетін ерекше мамандық иесі.Мейірбике-емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін медбике жұмысын жалғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді.
Мейірбикенің міндетіне емделушіні және оның өз тағдырын өзі шешу құқығын сыйлау кіреді. Осыған байланысты іс атқару барысында келесі принциптерге сүйенуге тиіс: қастық жасамау, жақсылық жасау, қызмет істей білу және мамандыққа да, емделушіге де адал болу. Сонымен бірге, мейірбикелік іс адамның ұлттық және таптық сипатын, жасын, жынысын, саяси немесе діни сенімдерін шектемейді». Бұл медбике мамандығына берілген құрғақ қана анықтама. Қарапайым ғана жұмыс болып көрінгенімен, медбикелер атақаратын жұмысы асқан жауапкершілікті қажет етеді.Сонымен қатар мейірбикелік істің жоғарғы оқу орындарынан бөлек колледждердің өзінде жоғарғы білікті мейірбике атағын алуының өзі осы мейірбике мамандығының қаншалықты дәрежеге көтерілгендігін көрсетеді.
Денсаулық сақтаудағы менторлық отандық медицина кадрларын оқыту саласындағы жаңашылдық болып табылады. Оның негізгі басымдықтары медициналық көмек көрсету үрдісін жетілдірумен байланысты, шақырылған ментор-тәлімгерлер мамандарды «жергілікті жерлерде» оқытады.
Медицинаның басым бағыттары бойынша менторлықты Ресей, Австрия, Швейцария, АҚШ, Литва, Түркия және т.б. мемлекеттердің жетекші профессорлары жүзеге асырады. Шақырылған менторлар дәрігерлерді, орта медицина қызметкерлерін оқытудың мол тәжірибесіне ие, дәрігерлер арасында беделді тұлғалар.Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің қазіргі заманғы моделі қарапайым медициналық тексерулерді, иммундауды, науқастарды бастапқы қабылдауды, аналардың және балалардың денсаулығын бақылауды, қарттарға көмектесуді, мейірбике ісі саласында жұмыс істейтін дәрілік заттардың шектеулі тізбесін (препараттарды қоспағанда) алдын-алу шараларын жүргізуде кеңінен қатысуға мүмкіндік береді және созылмалы аурулары бар науқастарға күтім жасау, психикалық бұзылулар, үй жағдайында күтім жасау, интеграцияланған ұйымдастыру прогресс және кейінгі күтім, сау және созылмалы аурулардың топтары және т.б. қарастырады.Мейірбикелер ісі бакалаврын яғни, мейірбикелердің жаңа генерациясын дайындау тек қана мамандық беделін жоғарылатып қоймай, дәрігерлердің атқаратын қызметтерінің көп үлесін мейірбикелерге беруге мүмкіндік береді, дәрігерлер кадрларының жетіспеушілігін төмендетеді.
Статистика мәліметтеріне сүйенетін болсақ, әлемде дәрігер, акушер, мейірбикелер, фармацевттер, стоматологтар және басқа да медицина мамандарының саны небәрі 4 миллионды құрайтыны мәлім болды. Шикізаттарды қанағатсыз бөлу, білімді тиімсіз пайдалану, сонымен бірге денсаулық сақтау саласындағы мамандардың шетел асып кетуі бұл жағдайды одан әрі ушықтырып жібереді. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде соңғы 6 жылда мейірбике ісі бойынша мейірбикелік білім беру жүйесінің өзгерісіне, мәртебесінің өзгерісіне, кәсіптік қызмет аймағының кеңеюіне, дәрігер және мейірбике арасындағы міндеттерді қайта бөлуге бағытталған қайта құрулар жүргізілуде. Нәтижесінде мейірбикелердің алдында кәсіптік өсуінің жаңа мүмкіндіктерін ашатын, білім берудің үш деңгейін және дипломнан кейінгі дайындықты қоса алатын, мейірбикелерді кәсіби дайындаудың көп деңгейлі жүйесі қалыптасты.
Бүгінгі таңда медицина қызметкерлерінің өсу динамикасының орнын, керісінше, жоғары дәрежелі медицина қызметкерлерінің азаю динамикасы алмастырып отыр.
Зерттеу бойынша дәрігерлер мен орта медперсоналдардың арақатынасы әлемнің басқа елдеріндегі көрсеткіштер бойынша 1:4,0 болса, отандық көрсеткіш 1:1,8 шамасын құрап отыр.
Қызметкерлермен жұмыс істеу проблемаларының бірі-жаңадан қабылданған қызметкерлерді жұмысқа бейімдеу. Бұл проблема әсіресе бюджет саласының медициналық ұйымдарында өткір тұр. Қазіргі жағдайда, коммерциялық медицина белсенді дамып келе жатқан кезде, түлектер көбінесе мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесін алу үшін мемлекеттік медициналық мекемелерге орналастырылады. Бірақ жұмыс тәжірибесі бар мамандар үшін бейімделу кезеңі шешуші болып табылады.
Бейімделу — бұл күрделі психологиялық процесс және жаңа қызметкердің кәсіби қызметтің жаңа өндірістік қатынастарына енуі медициналық ұйымның бүкіл ұжымының бейімделу бағдарламаларын жасау жөніндегі дұрыс және нақты қызметіне байланысты
Бүгінгі таңда бейімделу процесін жақсарту бағытында өзгерту үшін мүмкіндіктер жасалуда. Медициналық ұйымның басшылығы орта буын жас мамандарының кәсіби және әлеуметтік-психологиялық бейімделуі бойынша бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлейді.
Мейірбике қызметкерлерінің бейімделу процесін одан әрі бағалау үшін басқа медициналық мекемелерде сауалнама және сауалнама жүргізу қажет. Сондай-ақ, алдыңғы нәтижелерді салыстыру және әзірленген бейімделу бағдарламалары мен қабылданған шаралардың тиімділігін бағалау үшін қайталама зерттеулер жүргізу. Сауалнама қорытындысы бойынша осы медициналық ұйымда мейірбике персоналын бейімдеу жөніндегі іс-шараларды жақсарту мақсатында бейімдеу процесінің күшті және әлсіз жақтарына салыстырмалы талдау жүргізу.
Жас мамандар көпшілігі тәлімгерді жаңа қызметкерлер мен жас маманға бекіту орта есеппен 1 айға қажет деп санайды. Бұл мейірбике қызметкерлерін медициналық ұйымға бейімдеу үшін жеткілікті мерзім.
Жалпы , медбикелер ұжымда бейімделу тұрғысынан ешқандай қиындықтарға тап болған жоқ. Әріптестер мен пациенттермен мейірбике қызметкерлері сенімді қарым-қатынаста болды, бұл бейімделу кезеңін қысқартты.
Мейірбике қызметкерлерін бейімдеу барысында респонденттер орта медициналық қызметкерлердің дәрістері мен практикалық семинарлары оларға жаңа жұмыс жағдайларына жақсы бейімделуге көмектескенін атап өтті.
Сонымен қатар, мейірбике қызметкерлері фильмдер мен презентацияларды көруге, сондай-ақ арнайы әдебиеттерді шолуға бейімделу процесінде маңызды рөл атқарады
Зерттеу мақсаты: Тәлімгерлікті дамытудағы бас мейіргер ролін жас мейіргерлердің өз жұмысына қанағаттануы мен пациенттердің оларға деген көзқарасы арқылы анықтау
Өз тарапымнан ұсынысым:
- Жас мамандардың кәсіби бейімделу мақсатында «Тәлімгерлік мектебінің» жұмысын жүйеге асыру.
Мектеп мақсаты: Жас мамандардың кәсіби бейімделу кезіңі кезінде кездесетін проблемаларды анықтап, шешімін тауып, ұжымға тез үйренісуге ықпал жасау.
Мектеп міндеті:
- Жас маманға тәжірибелі маманды тәлімгер ретінде бекіту
- Ай соңына тәлімгер есебін және жас маман пікірін тыңдау
Ынталандыру мақсатында, жыл қорытындысы бойынша, мейіргерлер кәсіби мерекесі күні, «Үздік тәлімгер», «Үздік жас маман» деген марапаттау жасау. Қәсіподақ тарапынан қаржылай сыйлық болса, мейіргер жұмысына деген ынтасы мен қызығушылығы болар еді.
Уртекова Мулдир Рысдаулетовна
Қазалы көпбейінді орталық ауруханасы-балалар бөлімінде пост мейіргері