Адам тәнінің емшісі, жанының шипагері атанған ақ халатты абзал жандарға қалай, қай кезде, қанша алғыс айтсаң де жараса берері сөзі. Өйткені олар бұл өмірдің гүл ғұмырын қорғаушылар, нұр шапағын шашулар, адамзатқа көз алартқан ауру сырқаудан сақтандырушы сардар жандар. Міне, сондай саулық сыйын үлестіретін аяулы жандардың бірі Қызылорда теміржол ауруханасының әйелдерді көру бөлімі акушері Налибаева Гүлстан Шамсудинқызы.
Гүлістан десе Гүлістан-ақ. Жылы сөзімен жаныңа жұпар жеткізіп, шипалы емімен күш қуат дарытып, сақтық пен саралықтың жолынан шығармай, аман есен жаныңның қалуына жұмыс жасайды. Аяғы ауыр әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дейді атам қазақ. Ол деген не түрлі пәлекеттерден сақтануды, ауру сырқаудан қорғануды нығарлаған ұстаным еді. Бұрын оны білгір енелер қадағаласа, қазір Гүлістандай білімді дәрігерлер қалыпта ұстайды.
Әр ананың жағдайын біліп, ем шарасын қадағалап, ақыл кеңесін беретін Гүлістан Шамсудинқызы нағыз майталман маман дерсің. Ол шаршамайды, жалықпайды, ешқашан талаппен жүрмеген аналарға реніш білдіріп, сөкеттік етпейді. Құдды бір бауырыңдай болып жылы сөзбен іші бауырыңа ене отырып дәрігер талабымен жүргізеді. Осындай тәжірибелі маманның арқасында қанша ана дүниеге сәбиін аман-есен әкеліп, қанша бала сау болып жарық өмір есігін ашуда.
Қашанда қадағалап аналарды,
Әр істің алдын алып шамаларды.
Гүлістандай гүл мінез білімімен,
Сау саламат етуде балаларды,-деп ыстық ықыласымызды білдіреміз. Біз секілді аналардың
Бақыты үшін аман есен болып, қызметте үлкен жетістіктерге жетіп, өмір батынында балқып шалқып жүре беріңіз деген тілегімізді білдіргіміз келеді. Ешқашан жамандық көрмей, ал алғысын арқалап саулардан аса беріңіз.
Құрманбаева Мөлдір
Ниязова Күлаш
Ақбаев Гүлжаз