Скринингтің мақсаты – белсенді түрде ертеден симптомсыз қатерлі ісікті анықтау және оны емдеу. Ерте сатыда анықталған қатерлі ісік толығымен емделеді.Скринингтен өтудің арқасында соңғы 3 жылда 200-ден аса сүт безінің қатерлі ісігі, 40 жатыр мойнының қатерлі ісігі және 50 тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісігі анықталды. Анықталған қатерлі ісіктің 90% мөлшері аурушаңдықтың 1-2 сатыда белгіленіп, тиімді түрде емделуге мүмкіндік береді, кейбірі тіпті толық емделеді. Дегенмен, скринингтен өту дегеніміз қатерлі ісікке бар деп күдіктену деген мағынада емес екенін айта кеткен жөн. 40-70 жас аралығындағы әйелдердегі сүт безінің қатерлі ісігіне 2 жылда 1 рет маммограф скринингі, 30-70 жастағы әйелдердегі жатыр мойнының қатерлі ісігі және қатерлі ісік алдындағы цитологиялық скрининг 4 жылда 1 рет; 50-70 жастағыларға колоноскопия, жасырын қанға тест жасау арқылы тоқ ішек пен тік ішектік қатерлі ісік алдындағы және қатерлі ісігіне скрининг 2 жылда 1 рет жасалады.
Маммография – арнайы маммограф аппаратымен екі проекциядағы сүт безіне рентген арқылы жасалатын зерттеу әдісі. Маммография 0,5см және одан да кішірек сүт безінің ісіктерін анықтау мүмкіндігін береді. Сүт безінде күдікті өзгерістер анықталған кезде, тереңдетілген тексеріс жүргізіледі. Сонымен қатар пациенттің өзі барып тексерістен өтуді ұмытпағаны жөн. Ол айына бір рет белгіленген бір күнде жүргізіледі.
Жыныс мүшелері жетілген әйел үшін ондай тексеріс етеккірден басталған күннен бастап жетінші күнде тексерілуі тиіс. сүт бездерін бақылауды сүт безінің қалыпты жай-күйін бағалау және уақытында өзгерістерді белгілеу үшін 20 жастан барып тексерілуі тиіс.Кеуденің қатерлі ісігін кеудені басқан кезде диаметрі 1 см ісік болса белгіленеді.
Цитология немесе пап-тестіге жұғынды алу – жатыр мойны және қынаптың үстіңгі жағынан жасуша жинау үдерісі болып табылады. Жұғындыда жасушаның мөлшері, қалпы, саны және сипаттамасы бақыланады, бұдан жатыр мойнының қатерлі ісік ауруы мен қатерлі ісік алдындағы, фонды ауруын диагностикалауға болады. Сондай-ақ, АПВ-ға тестіден өту керек, ол ДНК мен РНК-ның вирустың онкогенді түрлерінің болуына тексеру үшін қолданылады. Цитологияға жұғынды алу және АПВ тест жасау жатыр мойнының қатерлі ісігі ауруының туындауы мен оның салдарынан өлімнің аз болуына септігін тигізеді.
Налибаева Гулистан Шамсудиновна
«Қызылорда темір жол ауруханасы» ЖШС акушері