Скрининг – бұл денсаулығына шағымдары жоқ, 30 бен 70 жас аралығында адам бойында болуы мүмкін ауруларды ерте сатысында анықтау. Сонымен қатар олардың алдын алу үшін тұрғындарды профилактикалық медициналық тексеру. Осылайша, емханаға бір рет бару арқылы арнайы тексеру әдістерін қолдана отырып, қатерлі ісік немесе басқа да аурулардың (скрининг түріне байланысты) алдын алуға немесе олардың пайда болу ықтималдығын уақытында анықтауға мүмкіндік тудырады.
Көңіл-күйіңізге, денсаулығыңызға ешқандай шағым болмаса да, скринингтен міндетті түрде өту қажет. Профилактика – сіздің денсаулығыңызды қорғаудың маңызды әдістерінің бірі. Бүкіл әлемдегі медицина қазір дәрігерлердің, мемлекеттің ғана емес, азаматтардың өздерінің де денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті арттыруға шақырады. жүргізілетін тексерулердеy қалмаған абзал
Әрбір емханада скринингтік кабинеттер бар, онда дәрігер өмір салты мен тамақтану рационы, зиянды әдеттердің, тұқым қуалайтын аурулардың болуы туралы сұрап, бойын, салмағын, қан қысымын өлшейді, қандағы қант пен холестерин деңгейін тексереді. Содан кейін қажет болған жағдайда пациент қосымша тексеруге немесе бейінді маманның кеңесіне жіберіледі. Скринингтік тексеруге келген кезде жүргізілетін іс-шаралар тізбесі
- қан айналымы жүйесінің негізгі аурулары — артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы;
- ерлер мен әйелдер арасындағы қант диабеті;
- әйелдер арасындағы жатыр мойнының қатерлі ісігі, қатерлі ісіктері;
- әйелдер арасындағы сүт безінің қатерлі ісік алды, қатерлі ісіктері;
- ерлер мен әйелдер арасындағы глаукома;
- ерлер мен әйелдер арасындағы тоқ ішектің және тік ішектің қатерлі ісік алды
тәуекел тобындағы адамдарға созылмалы В және С гепатиттері .
Сау болам десеңіз скринингтік тексеруді ұмыпаңыз өз денсаулығыңыз өз қолыңызда
Мергенова Гүлзат Нұрланқызы
№3 қалалық емхана скринингтік мейірбикесі