Желбіре — менің жалауым!

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 12 сәуір күні Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің «Әскери техникалық мектебі» Қызылорда қаласының филиалында бітіруші мектеп түлектерін және жастар ұйымдарын тарта отырып, ардагерлер мен оларға теңестірілген адамдарға көмек және рухани қолдау көрсету бойынша «Желбіре — менің жалауым!» тақырыбында жастармен патриоттық акция өткізілді.

Облыстық қоғамдық даму басқармасы және «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген патриоттық акцияға Қызылорда қаласы бойынша мектеп түлектері, алғашқы әскери дайындық пәнінен беретін мұғалімдері, «Әскери техникалық мектептің» бітіруші курсанттары және олардың ата-аналары қатысты. Акция барысында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, «Әскери техникалық мектепті» бітіруші курсанттар ант қабылдап, әскери билеттері табысталды. Акцияның басты мақсаты –Жастарға әскери борыштарын өтеудің қажеттілігінің маңыздылығын және қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге насихаттау.

Шара соңында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының атқарушы директоры Әбдіғапбар Перизат бітіруші курсанттарға жылы лебізін білдіріп, ақ жол тілеп, «Әскери техникалық мектебінің» аға оқытушылар мен алғашқы әскери дайындық пәнінен беретін мұғалімдерді Алғыс хатпен марапаттады.

Related posts