Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 14 сәуір күні «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Жалағаш және Қармақшы аудандарында «ҮЕҰ-дың мемлекеттік сатып алу порталында жұмыс жасау» тақырыптарында оқыту семинары өткізілді.
Семинарды «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық ресурстық орталығының директоры, тренер Адил Аликулов жүргізді.

Оқыту барысында ҮЕҰ-дың мемлекеттік сатып алу порталымен жұмыс жасауы, құжаттар дайындау, гранттарға құжат тапсыру және тағыда басқа тақырыптар турасында кеңінен түсіндірме жасалды. Оқыту семинары соңында тренер Адил Аликулов қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты. Қатысушылар өздеріне қажетті сұрақтарына жауап алып , тренерге алғыстарын білдірді.